Әлемдік ең үздік кітаптар

 Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында 7 тамыз күні Хромтау аудандық кітапхананың және «Нұр Отан» партиясы Хромтау аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Әлемдік ең үздік кітаптар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Шараға Хромтау ауданы жастары, мектеп мұғалімдері мен Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музей қызметкерлері қатысты. Шара барысында кітаптың адам өміріне тигізетін әсері мен маңызы айтылып, тек рухани жетілуге ғана емес, медициналық тұрғыдан адам организмдеріне пайдасы баяндалды. Аудандық кітапхана қызметкері Дана Мангалова әлемнің ең үздік кітаптарына арналған кітап көрмесін таныстырса, Мөлдір Жанаева Қазақстанның ең үздік кітаптарына шолу жасады. 

  Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі таңдағы кітап оқу мәселесі жайында пікір таластырды. Хромтау ауданының жастары кітап оқуға жаңа ақпараттық технологиялар мен әлеуметтік желілер кедергі келтіретінін жеткізсе, шараға жиналған педагог мамандар: -Мектеп оқушылары кітап оқымағандықтан сабақ барысында жүйелі сөйлем құрауда қиналады. Ақпарат заманы болғандықтан балалар керекті материалды ғаламтордан алғанды жөн көреді, — деген пікір білдірді. 

 Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Баян Абиева өзі оқыған кітаптарды баяндау арқылы шараға қатысушыларды кітап оқуға шақырып, жергілікті жазушылардың шығармаларымен таныстырса, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов: -Қазіргі таңда тұрақты түрде кітап оқу нағыз ерлік десек те болады. Себебі, цифрландыру жүйесіне сай барлық кітаптардың электрондық нұсқалары пайда болуда. Бірақ, ақпараттық технологиялардан оқылған кітаптар, дәстүрлі кітаптың әсерін бере алмайды. Балалар күрделі кітаптарға қарағанда әлеуметтік желілердегі жеңіл ақпаратты тез қабылдайды. Сол себепті, оқушыларға ұлы тұлғаларымыздың шығармаларын насихаттап, кітап оқуға баулуымыз қажет, — деді. 

 Шара соңында дөңгелек үстелге қатысушылар кітап көрмесімен жақынырақ танысып, естелік суретке түсті. 

   
Әлемдік ең үздік кітаптар Әлемдік ең үздік кітаптар Әлемдік ең үздік кітаптар

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 477Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий