Үлкен үйдегі үрей

Үлкен үйдегі үрей        
 

 Шағын романда шытырман оқиғалар желісі оқырманды өзіне тартып әкетеді. Автор өз шығармасында адамның асыл қасиеттерін бағалау қажеттігін, ал енді біреуге жасалған қиянаттың ешқашан кетпейтінін, ғасырлар өтсе де, ақиқаттың жарыққа шығатынын тарихи кезеңдерде болған оқиғалар арқылы бере білген. 
            Осы кітапқа еніп отырған екінші туынды – «Жатқа туған бала» повесі. Ол қазіргі заманның әлеуметтік-демографиялық мәселелерін көтереді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, әрбір ата-ана сәбилі болғысы келеді. Алайда, бүгінгі заманда перзент сүйе алмайтындардың қатары көбейіп тұр. Бұл шығармада тұрмыс тауқыметін көп шеккен жанның құрсақ ана (суррагат-ана) болып, өзге отбасына бала тауып берген тағдыры бейнеленген. Жатқа туатын перзентін тоғыз ай көтерген кездегі ананың толғанысы аталған хикаятқа арқау болған. 
            Бұл повестің жазылуына қазақтың танымал ғалым қызы, Қазақстандағы Бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Берденқызы Байқошқарованың елге сіңіріп келе жатқан еңбегі үлкен әсер етті. 
            Осы кітаптағы үшінші туынды – «Екі күйеулі әйел» повесі. Қазіргі заманда болған оқиға бойынша жазылған. Кітап авторы ол әйелмен ауруханада танысқан екен. Басты кейіпкер тағдырдың жазуымен бірінші күйеуімен ажырасып, екінші рет тұрмысқа шыққан жан. Бірінші жолдасы тағдыр тәлкегіне түсіп, қаңғыбас болып жүрген жерінен балалары өзінің әкесі болған соң, тауып әкеліп, үйінің екінші жағынан есік шығарып, бағып, күтеді. Ол әйел: «Өзге жұрт соған орай мені екі күйеуі бар әйел деп айтады. Бірақ мен онымен баяғыда ажырасып кеткенмін. Қазіргі күйеуіммен бөлек тұрамын. Мен балаларымның соншалықты мейірімділігіне ризамын. Кезінде сол әкесі бізге жақсылық көрсетпей, бес баламен мені қаңғытып жіберіп еді»,- деп басынан кешкен тағдырын баяндап берген болатын. 
Қаламгердің жаңа кітабы көпшілік оқырманға арналған.

Ақпарат көзі: http://thenews.kz

         

Автор публикации

не в сети 8 часов

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 495Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий