«Өлкетану» үйірмесі

14 ақпанда №5
Хромтау гимназиясы «Өлкетану» үйірмесінің оқушылары өлке тарихымен танысу
мақсатында аудандық кітапханаға келді. Кітапхана директоры Нұртай Жетесов
үйірме оқушыларына Қызылсу өңірінде мешіт тұрғызған Ешмұхамбет ишан, өлкедегі
қуғын-сүргін, жергілікті байкулактарды кәмпескелеу туралы түсінік беріп,
оқушылардың танымдық сұрақтарына жауап берді. Сонымен бірге ауданның тарихынан
сыр шертетін өлкетану кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Шара соңында
халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітапхана атынан үйірме жетекшісі,
гимназия директоры Рустам Биржановқа естелік кітап сыйға берілді.


   
«Өлкетану» үйірмесі «Өлкетану» үйірмесі «Өлкетану» үйірмесі

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 477Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий