«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

    24 сәуір күні аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 1- Мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгілік өткізілді. Бұл мерекелік шараны № 5 мектеп-гимназиясының 1«а» сынып оқушыларымен мұғалімі Дүйсенгалиева Ақбаян Кумаровнамен бірлесе отырып ұйымдастырдық. Ертеңгілікте бүлдіршіндер елімізде мекендейтін ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт – дәстүрін, киім үлгілерін насихаттады. Ертеңгілік барысында өздері даярлаған ұлттың барлық ұлттық құндылықтарын көрсетіп, жарастықты, бірлікті ұрандай келе, барлығына үлкен шаңырақ бола білген Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеті екенін айқын дәлелдеді. Өз қолдарымен түрлі түсті ленталардан жасаған шаңырақ астында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен нақышына келтіріп орындады. Бүлдіршіндер мереке мәнін аша түсетін «Бірлік бар жерде – бақыт бар» және \»Бауырласпыз, туыспыз! \»атты тақпақтар оқыды. Достық, бірлік тақырыбын насихаттайтын «Бірлік» атты қойылым көрсетіп, әртүрлі қырғыз, өзбек, үнді, грузин, тәжік, орыс, украин т.б және өзіміздің ұлттық қазақ киімін киген оқушылар достық сезімдерін өлең шумақтарын айтып, «Дос болайық бәріміз!», «Әрқашан күн сөнбесін!», «Ақ көгершін», «Қазақ елі осындай!» әндерін көтеріңкі көңілмен шырқады. Қыздарымыз басқа ұлтың киімдерімен мың бұралып билеп, ортаға өз өнерлерін салды. Ертеңгілік өте әсерлі, мағыналы болып өтті. Мерекелік іс-шарамызды тамашалауға №5 мектеп кітапханашысы Нүргүл Муханбетқызы және ата – аналар келді. Шараның керемет өтуі оқушылардың өнерлі болуы, осындай өнерлі оқушыларды дайындаған Дүйсенгалиева А.К. десек артық болмас еді.

  В первых числах мая Казахстан отмечает один из самых добрых и светлых праздников – День единства народов Казахстана. Это праздник дружбы, понимания и согласия, которые так необходимы для мирной жизни в стране,
где проживают более 150 наций и народностей. В большую семью Казахстана входят казахи, узбеки, русские, украинцы, немцы, корейцы, уйгуры, киргизы, китайцы, евреи, армяне, грузины и многие-многие другие национальности. Каждый из этих народов уникален, но вместе на территории Казахстана они – один дружный народ. И в этом смысл первомайского праздника.
24 апреля в районной библиотеке в канун Дня единства народов Казахстана состоялось мероприятие «Единство нации — великое богатство». Это праздничное мероприятие было организовано в сотрудничестве с классным руководителем 1-го класса школы-гимназии №5 Дуйсенгалиевой Акбаян.

«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» «Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий