«Ұлт тілін ұлықтаған ұстаз» Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызын еске алу кеші

«Ұлт тілін ұлықтаған ұстаз» Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызын еске алу кеші және Қазақ тілі қоғамының төрағасы, ақын -Айбол Сағынжанұлы, «Хромтау» газетінің редакторы Қуандық Реймовпен кездесу кеші өткізілді.

21-қыркүйек күні №4 Хромтау орта мектебінде тілдер мерекесіне орай үлкен іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.
🔹Кездесу кешінің мақсаты ауданымызға белгілі қазақ тілін насихаттап жүрген ұлы ұстаз,тіл жанашыры М.Төреғалиқызының өмір баянымен және еңбек өтілімдерімен аудандық өлкетану музейінің директоры Н.Ж. Амангалиева өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттады.Сонымен қатар «Ұлт болашағы ана тілінде» атты кітап көрмесі жасақталып, көрерменге таныстырылды. Музыка мектебінің оқушылары күй ойнаса, мектеп оқушыларынан құралған хор «Анамның тілі» әнін орындады. А.Байтұрсыновтың «Анаға хат » өлеңінен үзінді көрініс көрсетілді. Кеш соңында мектеп директоры алғыс сөз айтып мерекемен құттықтады. Қазақ тілі қоғамының төрағасы іс-шараға қатысқан өнерпаздарды алғыс хат пен марапаттады.

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 565Регистрация: 20-10-2021