«Ұлттық теңге — Тәуелсіздігіміздің нышаны» интеллектуалды сайыс

15 қараша-Ұлттық теңге күніне орай аудандық балалар кітапханасында № 3 Хромтау орта мектебінің 4«а» сынып оқушыларымен бірлесе ұлттық бейнемізді көрсететін нышандарымыздың бірі — ұлттық теңгемізді қастерлеу, теңгемізге деген мақтаныш сезімдерін ояту мақсатында «Ұлттық теңге — Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты интеллектуалды сайыс өтті. Теңгенің шығу тарихы туралы слайд көрсетілді. Оқушылар «Табыс» және «Теңге» болып 2 — топқа бөлініп, қызыға жұмыс жасады. Ұлттық теңге туралы өз білгендерін ортаға салып, білімдерін толықтыра түсті. «Ең алғашқы теңгеміз», «Теңгемнің бейнесі», «Ой жүйрік», «Кім жылдам?», «Әр елде өз валютасы» бөлімдеріндегі викториналық сұрақтарға балалар жоғарғы деңгейде жауап берді.

Автор публикации

не в сети 4 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 594Регистрация: 20-10-2021