Аудандық кітапхана орталық саябақта Астана күніне арналған \»Астана — 20\» тақырыбында инсталляциялық көрме жасақтады. Оған \»Бабалар сөзі\» жүз томдығы мен \»Ақтөбе кітапханасы\» сериясымен шыққан 20 томдық кітаптар орналасты. Сондай-ақ \»Ұлы дала елі\» тақырыбында Астана қаласының 20 жылдық жетістігінен сыр шертетін кітап көрмесі қойылды. Мерекелік концертке келген қала тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалады.
|