Мамандығым–мерейім

 15 тамыз күні Бөгетсай ауылдық округінің мәдениет үйінде Хромтау аудандық
орталықтандырылған кітапханасы мен Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі
қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Тоқсанбаева Маржан Қалиоллақызының кітапхана саласындағы
ұзақ жылғы еңбектері мен жетістіктеріне арналған «Мамандығым-мерейім» атты
кездесу кеші өтті.
  Шараға
Бөгетсай ауылдық округінің әкімі міндетін атқарушы Ғалымжан Түйтенов, ауыл
ардагерлері мен ұстаздары және құрметті қонақтар қатысты.

  Еңбек
майданында өзінің еселі еңбегімен ел ықыласына бөленіп, құрмет төрінен орын
алып жүрген ардақты жандар аз емес. Елінің өсіп-өркендеуіне саналы ғұмырын
арнап, бүгінде ел-жұртының абыройына бөленген жанның бірі –Маржан Тоқсанбаева
40 жылдан астам уақыттан бері бір қызметте, яғни 1977 жылдан бастап Бөгетсай
совхозының №4 фермасы Амангелді селолық кітапханасының кітапханашысы, ал 1980
жылдан қазіргі кезге дейін Бөгетсай селолық кітапханасының меңгерушісі қызметін
мінсіз атқарып келген.

   Маржан
Қалиоллақызы өзінің мамандығын игеріп қана қоймай, түрлі фестивальдарға,
сайыстарға, спектальдерге қатысып, өнердің кез келген саласында өз орнын таба
білген. 2007 жылы алғашқы болып Бөгетсай ауылында «Жаңа үлгідегі модельді ауыл
кітапханасын» ашуға атсалысып, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының кітапхана
имиджін қалыптастырудағы, оның қоғамдағы мәртебиесін арттыру бағытындағы
ауқымды жобасын қолдағаны үшін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы
М.Д.Мұңалбаеваның алғыс хатымен, облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталған.Сонымен
қатар, демеушілердің көмегімен 200 дана Бөгетсай ауылының кіші энц
иклопедиясын шығаруда күш-жігерін аямаған
жан.

   Кеш
барысында  ауыл әкімі міндетін атқарушы
Ғалымжан Түйтенов зейнетке шығушының өнегелі өмір жолына тоқталып, қоғам мен
мемлекеттің дамып өркендеуіне қосқан үлесі үшін рахметін жаудырып, алғыс хат
табыс етсе, ауданнан құрметті қонақ ретінде шақырылған мәдениет үйінің,
тарихи-өлкетану музейінің, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің, аудандық
газеттің басшылары да  кеш иесінің ұзақ
жылдар  бойы ауыл әлеуетін арттыруға
қосқан еселі еңбегіне ризашылықтарын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

   Кездесу
кешінде кеш иесіне жүрекжарды тілектер айтылып, ауыл көркемөнерпаздары
көрермендерді әсем әнмен тербетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

   
Мамандығым–мерейім Мамандығым–мерейім Мамандығым–мерейім Мамандығым–мерейім

 

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 493Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий