«Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты үздік сурет байқауы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай \»Ерекше балалар — ерекше әлем\» жобасы аясында «Менің елім- Тәуелсіз Қазақстан» атты үздік сурет байқауының ЕРЕЖЕСІ  



 Байқауды ұйымдастырушы: Аудандық балалар кітапханасы.

✅Мақсаты: Отаның, Туған жерін сүюге , көп ұлтты, бейбіт ел екендігін таныта отырып мақтан етуге, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға атсалысу.

✅Байқаудың міндеттері:

— қаламыздағы мүмкіндігі шектеулі балалар қатыса алады.

— суреттің мазмұны, сапасы бағаланады.

✅Байқауды өткізу тәртібі, мерзімі:

— қазылар алқасының шешімімен үздік суреттер анықталады.

— қорытынды тамыз айының 25- сы күні khromtau_kitapkhana инстаграм желісіне жарияланады.

Байқаудың жұмыстарына қойылатын талаптар:

— Байқауға тақырып бойынша авторлық суреттер қабылданады;

— Әр суреттің атауы болу қажет және А4 форматта қағаз нұсқада кез-келген техникамен салынған ( акварель, түрлі-түсті карандаштар және тағы басқа) суреттер қабылданады.

— Жұмыстармен бірге қатысушының толық аты-жөні, жасы, жұмыстың атауы көрсетілуі тиіс;

— Байқау жұмыстары Хромтау аудандық кітапханасында 2021 жылдың тамыз айының 9 –20 аралығында қабылданады.

☎️Байланыс телефоны: 2- 41-41. 87022775915, 87086284710.

✅Мекен жайы:Ә.Молдағұловаға 7.

Байқаудың қазылар алқасы мен марапаттаулары:

— Байқаудың қазылар алқасы ұсынылған суреттерді талдау жасап, бағалап, ең үздік суреттерді анықтайды.

— Үздік суреттер марапатталады.

— Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат khromtau_kitapkhana инстаграм парақшасында және http: //hrb.kz сайтында жарияланады.

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий