Онлайн шаралар

Онлайн шаралар-уақыт талабы

Кітапхана – оқырманның рухани талап – тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан-жақты қызмет көрсететін Хромтау аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі елімізде болып жатқан пандемияға байланысты  қашықтық режімінде оқырмандарға онлайн қызмет көрсетуде.Қазірде жастар кітапханаға бармайды дейтін пікірлер  жиі айтылып жатады. Ал бүгінгі күні карантин уақытында керісінше балалар, жасөспірімдер,ересек оқырмандардың   кітапқа оқуға деген қызығушылығы артты деп айтуға болады.  Тіпті, оқырмандардың басым бөлігін жастарды құрайды. Жеңістің 75 жылдығына ұйымдастырылып өткен «Соғыс туралы -75 өлең» атты онлайн марафонға қатысушылардың  белсенділігі өте жоғары болды. Оның бір айғағы аталмыш марафонға еліміздің түпкір –түпкірінен яғни Астана, Атырау, Семей, Қарағанды, Байқоңыр, Ақтөбе облыстарынан  және көршілес   жатқан Ресей мемлекеті, Орынбор қаласынан  қатысты.

Елдегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап күні-түні адал қызмет етіп жүрген бірден бір сала ол –медицина қызметкерлері екенін барлығымыз білеміз. Біз осы орайда кітапхана қызметкерлері  адал еңбектерін ескеріп «Ақ халатты абзал жандарға арнаймыз»онлайн -челлендж арқылы  алғысымызды білдірдік.

Хромтау ауданының – 85 жылдығына байланысты «Туған жердің жусаны жұпар» айдарымен эссе байқауы ұйымдастырылып өтті.  

Сонымен қатар, балалардың  бос уақытын тиімді өткізу мақсатында    аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Отбасы -бақыт мекені» балаларға арналған сурет байқауы, «Менің жеке кітапханам» әр бала  өзі үйдегі жинақталған кішкене кітап қорымен таныстыру. Осы тұрғыда ауылдық кітапханаларда жақсы жұмыстар атқарылды. Айта кетсек Тассай ауылдық кітапханасы «Селфи с любимой книгой» байқауы, Дөң ауылдық кітапханасының ұйымдастырумен ақ жаулықты әжелеріміздің немерелерімен өткізген уақыты «Ертегі тыңдап өсемін»  онлайн оқулары  өтті. Қопа, Бөгетсай ауылдық кітапханаларында  зейнеткер кітапханашылармен онлайн сұхбат,  Тасөткел ауылдық кітапханасы «Достық- біздің тірегіміз!», Ақжар ауылдық кітапханасы «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» виртуалды көрме, Табантал ауылдық кітапханасында  «Экология – әлем тағдыры»онлайн – көрме, Абай ауылдық кітапхасында «Ұлы Абайдың ізімен» виртуалды көрме   т.б  көптеген  онлайн жұмыстар атқарылып, оқырмандардың белсенділігі артты.

 

Жалпы кітапхананың онлайн қызметі бойынша болашақта да көптеген жұмыстаржалғаса бермек.

Автор публикации

не в сети 5 дней

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 493Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий