Мәңгілік ақ қар жамылған асқар шыңдары, ал етегінде ағысы асаудай тулап жатқан Бұқтырма өзені бар, қазақ Алтайының киелі топырағында дүниеге келіп, аса дарынды талантымен барша қауымды таңғалдырған жазушы, драматург Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл толуына орай аудандық кітапханада «Оралхан Бөкей-көркем сөздің құлагері» атты әдеби кеш өтті.
🔹Кешке №1,№3 Хромтау орта мектептерінің оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Имекешева Қ.М, Кереева Г.А., мектеп кітапханашысы Талтанова А.А қатысты. Аталмыш шарада жазушының өмірбаяны, шығармашылығы туралы баяндалды,оқушылар қаламгердің шығармалары бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, замандастары мен достарының жазған естеліктері және өмірбаяны туралы бейнефильм көрсетілді. Оралхан Бөкейдің өмірбаяны жазылған бетбелгілер таратылды.
🔹Кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыстады.Сонымен қатар, Балалар музыка мектебінің оқушылары,жетекшісі Гамаюнова С.В,,Мектептен тыс білім беру орталығының вокалдық «Жалын»үйірмесінің оқушысы Бейсен Арай,жетекшісі Аманкелдин Е.А әсем әндермен әрледі.