⚜️«Оралхан Бөкей-көркем сөздің құлагері» әдеби кеш⚜️

Мәңгілік​ ​ ақ​ ​ қар​ жамылған​ ​ асқар​ шыңдары,​ ал​ ​ етегінде​ ағысы​ асаудай​ тулап жатқан​ Бұқтырма​ өзені​ бар,​ қазақ​ Алтайының​ киелі​ топырағында​ дүниеге​ келіп,​ аса​ дарынды​ талантымен​ барша​ қауымды​ таңғалдырған​ жазушы, драматург​ Оралхан​ Бөкейдің​ туғанына​ ​ ​ 80​ жыл​ толуына орай аудандық кітапханада «Оралхан Бөкей-көркем сөздің құлагері» атты әдеби кеш өтті.
🔹Кешке №1,№3 Хромтау орта мектептерінің оқушылары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Имекешева Қ.М, Кереева Г.А., мектеп кітапханашысы Талтанова А.А қатысты.          Аталмыш шарада жазушының​ өмірбаяны, шығармашылығы​ туралы баяндалды,оқушылар қаламгердің шығармалары бойынша сұрақтарға жауап берді. Сонымен бірге, замандастары мен достарының жазған естеліктері және өмірбаяны туралы бейнефильм көрсетілді. Оралхан Бөкейдің өмірбаяны жазылған бетбелгілер таратылды.
🔹Кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ шараға белсене қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыстады.Сонымен қатар, Балалар ​ музыка мектебінің оқушылары,жетекшісі Гамаюнова С.В,,Мектептен тыс білім беру орталығының вокалдық «Жалын»үйірмесінің оқушысы Бейсен Арай,жетекшісі Аманкелдин Е.А әсем әндермен әрледі.

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 565Регистрация: 20-10-2021