Оқы, Ақтөбелік өренім!

ҚР
Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
жергілікті ақын-жазушылардың әдеби мұрасын насихаттап, өскелең ұрпақты
жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу
мақсатында ,2016 жылдың 7 сәуірінен
бастап жергілікті ақын Ертай Ашықбаевтың 60 жылдығына арналып «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу
марафоны өтуде. Осыған орай, Ақтөбе
облыстық Н.Байғанин атындағы балалар кітапханасы ақынның шығармашылығы бойынша өткізілген
іс-шаралар суреттерімен безендірілген альбом дайындап эстафета түрінде
Темір аудандық балалар кітапханасына
тапсырылған болатын, осылайша эстафетаға әзірше 9 кітапхана қатысты.
Біздің аудандық кітапхана эстафетаны Қарғалы аудандық балалар кітапханасынан қабылдап
алып ,2016 жылдың тамыз айының 10 да Мәртөк
аудандық балалар кітапханасына тапсырылды олар кезек бойынша Алға ауданына
тапсырады. Марафонға барлығы облыс бойынша
12 аудан кітапханалары қатысады, оның ішінде Хромтау аудандық
кітапханасының балалар бөлімі.

Оқы, Ақтөбелік өренім! Оқы, Ақтөбелік өренім!

7 апреля 2016
года по инициативе Областной детской
билиотеки им Н.Байганина стартовал марафон «Оқы, Ақтөбелік өренім!» ,
посвященный произведениям Е.Ашыкбаева,
где областная детская библиотека передала
эстафету в виде оформленного альбома
с проведенными мероприятиями в своей библиотеке,
Темирской районной детской библиотеке. Таким образом , в эстафете приняли
участие пока 9 районных детских
библиотек. В свою очередь отдел детской литературы нашей районной библиотеки
принял эстафету от Каргалинской РДБ. 10 августа 2016 года мы передали
эстафету коллегам из Мартукской
районной детской библиотеки, которую они передадут в Алгинскую . Всего в марафоне
участвуют 12 библиотек районов области
, в том числе отдел детской литературы Хромтауской районной библиотеки .








 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий

Оқы, Ақтөбелік өренім!

 

Жергілікті
өңірдің ақын, жазушыларының шығармашылығы мен шығармаларын танып білуге баулу
мақсатында 23 шілде күні белгілі ақын,
журналист, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты Ертай Ашықбаевқа
арналған «Тыңда мені жүрекпен» атты әдеби – сазды кеш өткізілді. Кешке №1мектеп жанынан ашылған жазғы лагерь
оқушыларымен мен мектептен тыс білім беру орталығының «Балдәурен» лагері
балалары мен жетекшілері қатысты. Шараның
мақсаты: — Ақын,
журналист Ертай Ашықбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға
насихаттау, жас ұрпақты елеулі еңбегімен, журналистік жазбаларымен таныстыру;

Ақынның «Туған күн» кітабындағы өлеңдері арқылы балаларды адамгершілікке,
отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, оқу мәдениетін қалыптастыру, сөз
өнеріне баулу, тілін дамыту. Ақын
шығармашылығынан сыр шертетін «Балалардың бағбаны» атты кітап көрмесі
ұйымдастырылып,балаларға арналған өлең-жырлары мен ертегі, жұмбақ,
жаңылтпаштары енгізілген кітаптарға шолу жасалды, «Сыршыл жырдың саңлағы»
слайд арқылы Ертай Ашықбаевтың өмірі және шығармашылығымен, соның ішінде
«Туған күн» кітабымен терең танысты. МТББОрталығының «Балдәурен» лагері мен
№1 мектеп жанынан ашылған жазғы лагері оқушылары мақал –мәтел айтып,жұмбақ жасырып жарысқа
түсті. Ертай ақынның «Туған күн» кітабының ішінен «Диалогтар», «Қонақтар» деп
аталатын ертегісінен қойылымдар қойып, өлеңдерін мәнерлеп жатқа
оқыды.Кітапхананың белсенді оқырманы, саз мектебінің оқушысы Тағыбергенов
Тегіс,Ертай нағашысына арнап домбырада нақышына келтіріп екі күйді тамаша
орындап берді.

23 июля провели литературно-тематический вечер «Тыңда мені жүрекпен» посвященный
творчеству известного земляка, поэта Е.Ашыкбаева. В проведении вечера
принимали участие дети из детского лагеря «Балдаурен». Цель
мероприятия-познокомить детей с жизнью и творчеством Е.Ашыкбаева. Для
мероприятия оформили слайд «Сыршыл жырдың саңлағы» особое внимание уделили
его проиведению «Туған күн» Показали небольшую инсценировку его произведени
«Диалогтар». Учащиеся музыкальной школы Тагыбергенов Т сыграл на домбре. Была
оформлена книжная выставка «Балалар бағбаны»

 

 

Оқы, Ақтөбелік өренім! Оқы, Ақтөбелік өренім!

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий