Никельтау ауылдық округінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана мен Никельтау ауылының ұйымдастыруымен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Қалдина Гүлжайнар Нәренқызымен кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастарға қазақ поэзиясын насихаттау, ақынның шығармашылық жолымен таныстыра отырып, өлеңдерін оқырман жүрегіне жеткізу. Сонымен қатар, кездесуге ақын, «Керек инфо» газетінің бас редакторы Кереева Индира Мұратқызы, «Шұғыла» шығармашыл жастар клубының мүшелері Асан Бекжан, Орынбасаров Исатай, Арынова Сымбат, Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ракишева Жайнагүл Баймағамбетызы, Никельтау ауылдық округінің әкімі Әлмұратов Нұрлан Болатұлы және ауыл тұрғандары қатысты. Ауыл әкімі Нұрлан Болатұлы шараның жастарға берер тағылымы көп екенін айтып, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді.
Шара барысында Гүлжайнар Нәренқызының өмірбаяны мен шығармашылық жолы баяндалды.
Кездесуде жиналған тұрғындар көкейдегі сұрақтырын қойып, ақынмен сұхбаттасты. Никельтау орта мектебінің оқушысы Амангелді Ілиястың «Поэзияның келешек ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге қандай әсері бар? деген сұрағына Гүлжайнар Нәренқызы: -Қазіргі «Рухани жаңғыру» жаңғыру бағдарламасы бойынша көптеген шаралар өтуде. Бұған дәлел бүгінгі кездесу. «Рухани жаңғыру» деген өте мағыналы сөз. Себебі, қазақ рухты бағалап, рухымен биік тұрған ел. Сондықтан, бұл санамыздың оянуы. Қазақ елі тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар ұлттық құндылықтарды дәріптеу арқылы да дамуы керек. «Дара бол» атты шешендік өнер мектебін ашудағы мақсатым да осы болатын, — деп жауап берді.
Кездесу қонақтары ақын Кереева Индира Мұратқызы, «Шұғыла» шығармашыл жастар клубының мүшелері ауыл тұрғындарына Гүлжайнар Нәренқызының өлеңлерінен құралған поэзиялық қойылымды көрсетті. Шара соңында ақын Никельтау ауылының әкімі мен аудандық кітапхана директорына өзінің шығармалар жинағын қолтаңбасымен табыс етті.
|
В Никельтауском сельском округе в рамках программы «Рухани жаңғыру – взгляд в будущее» состоялась встреча с победительницей республиканских поэтических конкурсов, руководителем творческого молодежного клуба Актюбинской области «Шұғыла», директором областной юношеской библиотеки имени Саги Жиенбаева, Калдиной Гулжайнар Нәренқызы. Основная цель мероприятия – организовать встречу областных акынов с сельскими жителями, пропаганда молодежи казахской поэзии, ознакомить с творческим путем поэта, донести до сердца читателя стихи. Во встрече также принимали участие поэтесса, главный редактор газеты «Керек инфо» Кереева Индира Мұратқызы, участник творческого молодежного клуба «Шұғыла» Асан Бекжан, Орынбасаров Исатай, Арынова Сымбат, руководитель Хромтауского районного отдела внутренней политики Ракишева Жайнагуль Баймағамбетызы, аким Никельтауского сельского округа Альмуратов Нурлан Болатұлы и жители села. Аким сельского округа Нурлан Болатұлы рассказал в подробностях о порядке проведения мероприятия, выразил свои теплые пожелания пришедшим гостям.
Во время мероприятия Гүлжайнар Нәренқызы осветила автобиографию и творческий путь.
Жители, присутствовавшие на встрече, задавали актуальные вопросы, беседовали с поэтом. На вопрос ученика Никельтауской средней школы Амангельды Ильяса «Каково влияние поэзии на воспитание подрастающего поколения в духе национальных традиций?», Гүлжайнар Нәренқызы ответила: — Сейчас проводится множество мероприятий в рамках программы «Рухани жаңғыру». Наша встреча – еще одно подтверждение. «Рухани жаңғыру» — это очень значимое слово. Потому наш народ ценит свою духовность. Поэтому это пробуждение сознания. Наша страна должна развиваться не только в плане экономики, наряду с этим не стоит забывать и о развитии национальных ценностей. Открытие школы ораторского мастерства «Дара бол» также преследует эту цель.
Во время мероприятия ученики Никельтауской средней школы декламировали стихи Гульжайнар Нәренқызы, демонстрировали свои умения.
Гости встречи поэтесса Кереева Индира Мұратқызы, участники творческого молодежного клуба «Шұғыла» представили сельским жителям поэтическую постановку.
|