ҚР Мемлекеттік рәміздер күні/ День Государственных символов РК

4 маусым – ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне арналған
«Байтақ елімнің рәміздері» атты танымдық-тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Отан, Қазақстан,туған жер туралы
түсініктерін кеңейту.ҚР-ның рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.Оқушыларды
Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің
Туын, Елтаңбасын Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге
тәрбиелеу. Сонымен қорыта келгенде,
өзіміздің жерімізді, рәміздерімізді,Отанымызды құрметтеуге және патриоттық
сезімімізді нығайта түсуге тырысайық! Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық
құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар,
жер кеңімен мақтанар» деген ,елімізді қорғар ер-азаматтар, асыл ұрпақтар,
тәрбиелі ұл-қыздар молая берсін деп, оқушылармен Рәміздерге шолу жасалынып,
мәдени мәліметтер берілді. Рәміздер туралы тақпақтар оқылды.Бұл өткізілген
танымдық-тәрбие сағаты МТББО жанынан ашылған «Балдәурен» жазғы лагердің
балалары мен тәлімгерлерінің қатысумен өткізілді.

 

 

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 594Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий