Сценарии

«Ерліктің даңқы мәңгілік» Ә.Молдағұлованың 90 жылдығына арналған сценарий                                                               

Өткізілетін орны: Аудандық кітапхана        

                                                       

 Өтетін уақыты: 19.06.2015                                                 

                                                                                                          


 Жүр: Қайырлы күн құрметті мереке қонақтары! Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына орайластыра ұйымдастырылған   «Ерліктің даңқы мәңгілік» мерекелік шараға қош келдіңіздер! Қаршадай ғана қазақ қызы небәрі 19 жасында ерлікпен қаза тапты. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында ол ел сүйсінерлік ерлік жасап, өшпес із қалдырып кетті.

Вед: Добрый день уважаемые гости нашего праздника! Этот праздник мы посвящаем одной из женщин Востока, удостоенной  высокого звания – Героя Советского Союза.

Среди ликующих живых

Давайте вспомним о других

О тех, кто в жарком пал бою

Спасая Родину свою.

 

О тех, погибших на войне,

Кто к нам является во сне,

Чей зов над тишиной полей

Мы слышим в кликах журавлей.

 

Война есть война. Домой вернулись не все. Ничто не исчезает бесследно, не исчезают и они, питают дух, укрепляют род людей. В народе говорят: для храбрых есть только бессмертие, смерти для храбрых нет. Именно так можно сказать о славной дочери казахского народа Алие Молдагуловой.

Жүр: Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсатымыз – жас ұрпаққа өнеге болар іс жасау. Тәуелсіздік ең алдымен ерге қымбат, ері бар елге қымбат. Әлем танығанда Қазақстанды ең алдымен ардақты ұл-қыздарымен тану керек. Осындай перзент туған ел, оны мақтан етеді. Әлия туған күн халқымызға ынтымақ пен береке, татулық әкелгей. Әлия аңсаған болашақ, оны мақтан еткен елдің еңсесі биік, бақытты заман болуы үшін бәріміз үлес қосайық !

Бүгінгі мерекеміздің алғашқы сөз кезегі  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мариам Төреғалиқызына беріледі.

Вед: А сейчас представляем слово почетному  журналисту  Казахстана Козачок  Анатолию  Феодоровичу

 

Жүр: Қараймын да өмірге, күнге тегін,

          Күйге толып көңілім, гүл мекенім

          Ерлік жайлы ұрпаққа айтқым келсе,

          Мен өзіңді,Әлия, үлгі етемін.

Әлия аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ  болды. «Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ» деген сөз бар. Қамшының  сабындай қысқа ғұмырында ел сүйсінерлік ерлік жасап, артына аңыз  қалдырған жанның арманы, тілегі қандай болды десеңізші. Ол өмірді сүйген, оған құштар, арманшыл жас еді. Оның бейнесі біздің көкейімізде жас қалпында ұялап қала бермек.

Әлияны ардақтау-исі қазақты ардақтау.

Әлия намысы-тәуелсіздік туының тұғыры.Ол енді бүгінгі ұрпаққа ұран тұлға болып жатыр. Қаншама уақыт өтсе де ел  сүйген есім жастар жадында жаңғыра береді.

 

Вед: Наверное, многие из собравшихся здесь хорошо знают биографию Алии Молдагуловой. «Биография» как сухо звучит это слово, кажется, так мало вмещает в себя – коротко и ясно: родился, вырос, учился и погиб. Жизнь Алии Молдагуловой была короткой, как цветение степных тюльпанов, судьба, как яркая вспышка падающей звезды. А между тем, чтобы рассказать о непростой судьбе Алии Молдагуловой понадобится не один час.

Жүр: Аудандық кітапхана бірнеше жылдан бері қазақтың қайсар қызы Әлия жайлы көп жылдар бойы құнды мәліметтер жинақтап жүрген Облыстық өлкетану музейімен тығыз байланыста жұмыс жасап келеді.Бүгін облыста  Әлия Молдағұлованың 90 жылдығына орай кең көлемді іс-шаралар өткізіліп жатқандықтан,музей қызметкерлері өкінішке орай келе алмады . Сондықтан қысқаша өмірбаянына тоқталып өтсек дейміз.Әлия Молдағұлова 1925 жылы маусым айының 15 де Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Бұлақ ауылында дүниеге келген. Анадан ерте айырылған Әлия нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленіп, Москва, Ленинградта оқиды.

Ол оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапты көп оқыған.

Бүкілодақтық комсомол комитетінің инициативасымен елімізде бірінші рет 1942 жылы снайпер-атқыштар даярлайтын орталық әйелдер курсы ашылды. Мергендер мектебіне еліміздің түкпір-түкпірінен қыздар келді. Білім деңгейі де, ұлты да, жасы да әртүрлі-олардың мақсаты –майданға аттанып, жаудан кек алу. Солардың бірі –Әлия Молдағұлова еді.

1942 жылы Жұмысшы-шаруа Қызыл әскеріне майданға жіберу туралы өтініш жібереді. 1943 жылы мергендер даярлау жөніндегі орталық әйелдер мектебін аяқтап, осы жылдан бастап 54 –арнайы атқыштар бригадасы 4 батальонының снайпері болған.

1944 жылдың 14 қаңтар айында Әлия Молдағұлова Псков облысының солтүстігіндегі  Новосокольники ауданы , Казачиха ауылы түбінде ерлікпен қаза тапты.
1944 жылдың 4 маусым айында Совет Одағының Батыры атағын берді.

Вед: А сейчас представляем слово председателю ветеранов Донского ГОКа Ладамину Анатолию Матвеевичу.

    Жизнь её такая короткая полна событий. Родилась 15 июня 1925 году  в Хобдинском районе  Актюбинской области. Учеба в Алма-Ате, затем Москве, школа в Ленинграде. Ленинградский детский дом, где прошли её отрочество и юность. Эвакуация в Ярославскую область,  Рыбинский авиатехникум, центральная женская школа подготовки снайперов. Она мечтала сесть за штурвал самолета, стать летчицей. Она могла быть инженером. Впереди открывались большие возможности, она могла остаться в тылу и внести свой вклад в разгром врага. Она могла бы остаться инструктором в снайперской школе. Но она рвалась на фронт, чтобы принести максимальную помощь для приближения Победы. Она стала солдатом.

Нет, не горели мы в огне,

Не сиротело наше детство.

Но память, память о войне

К нам переходит по наследству.

 

Великое и святое наследство это принимаем мы – младое поколение из рассказов ветеранов, из документальных хроник, художественных фильмов о войне, из книг и музыкальных произведений. И сейчас для вас звучит песня «Алия»  в исполнении  Гульнур Кожагуловой на музыку Сейдоллы  Байтерекова, слова  Бакира Тажибаева.

Бәкір Тәжібаевтың сөзіне жазылған  Сейдолла Бәйтерековтің әні «Әлия» орындайтын  Гүлнұр Қожағұлова.

 Жүр: Биыл Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына  70  жыл толып отыр. Бұл жеңіс көп қиындықпен, зор құрбандықпен келгені әлемге аян. Ел қорғауға аттанған азаматтардың дені 18-30 жастың арасындағы арыстар еді. Ұлынан айрылған ата мен ана қасіреті, жарынан жесір қалған апалар мен жеңгелердің уыз махаббаты мен ыстық көз жасы, әкеден жаутаңдап жетім қалған ұл мен қыз қайғысы, асқар таудай ағаға арқа тірей алмай, жерге қараған қарындас пен іні мұңы, осының бәрі әлі күнге дейін көкіректі удай ашытып, жүрек сыздатар, жанарға жас үйіріп, бой мұздатар сұмдықтар. Иә, ол бір біздің еліміз үшін қасіреті де, мол халықтық қасиетімізге қатал сында болған кезең еді. Адамзат тарихындағы ең ауыр, ең қырғын қияпат осынау соғыста өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен жауыздық адамгершілік пен апаткершілік шешуші айқас алаңына шықты. Соғыс салған салмақ аз болған жоқ. Соғыс жылдарындағы құлдырау мен күйзеліске қарамай, тыл еңбеккерлері де жеңіске лайықты үлес қосты. Бұл жеңіс — бүкіл соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен рухының жемісі «Ат ауыздығымен су ішіп, ер етігімен қан кешіп», Отан үшін отқа түскен өршілдік пен елшілдіктің өшпес айғағы. Аталарымыз бен аналарымыздың тылдағы маңдай терінің арқасы. Міне, содан бері талай ұрпақ жаңғырып, заман жаңарды. Әйтсе де соғыс табы әлі де толық жойыла қойған жоқ.

Вед:  В год 70-летия Победы в Великой Отечественной войне желаем всем здоровья, улыбок, радостей, слез счастья и светлого безоблачного будущего!

         Желаем, чтоб земля без ласки не грустила,

Желаем, чтобы руки крепкие мужчин

Не в ствол оружья вкладывали силу,

А в плуг, и в мир, и в мирный гул машин.

           И чтобы злу и войнам вопреки

Вовек не тосковали на планете

О доброй теплоте мужской руки

Ни старики, ни женщины, ни дети!

Танец «Рота подъем!» Руководитель Курманова Зейнегуль

 

Жүр: Қазір назарларыңызға Хромтау аудандық халық театры дайындаған «Ер мен елдің жеңісі» көрінісін ұсынамыз.Қоюшы режиссер Бисенов Ғани.

                                                                                             

Жүр:Осымен мерекелік шарамызды жабық деп жариялаймыз. Сау- сәлемат болыңыздар!

 

 

 

 СценарииСценарииСценарии


«Жазықсыз жапа шеккендер» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған сценарий

Өтетін орны : Аудандық кітапхана

Өткізілетін уақыты: 29.05.2015 жыл


 


Жүр: Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар,
әріптестер,оқушылар!  Бүгінгі аудандық
мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткізгелі отырған 31
мамыр саяси қуғын-сүргін  және ашаршылық
құрбандарын еске алу күніне арналған кешімізді ашық деп бастаймыз.

1997 жылы 31 мамырдан бастап Қазақстанда саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аталып келеді. Бүгін әлем халқы үшін
жазықсыз саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ел азаматтарын еске алу күні болып
есептеледі. Бұл күн тарих беттерінен ешқашан өшірілмейтіні,ұмытылмайтыны
сөзсіз.Бүгінгі кештің мақсаты — Оқушыларды нәубат жылдарда жазықсыз жапа шеккен, сол бір қасіретті
кезеңдерде қынадай қырылған халықтың өмір жолынан өнеге алуға 
үйрету,  жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Бүгінгі
шараға келіп отырған  сонау нәубет
жылдардың куәсі болған көнекөз қарияларымыз бен жазықсыз жапа шеккен жандардың
ұрпақтарымен таныстырып өтсек дейміз.

 Жұмағалиев
Сарсенбай ағай, Өмірбаев Байдулла ағай,  жыр түндігін желпілдетіп жүріп кеңестік саясаттың құрбаны
болған  өнерде де, қоғамдық істерде де
көрнекті қолтаңба қалдырған  Қуандық Жездібаевтың ұрпағы Жақсылықова  Шолпан Жайылханқызы.

 

Жүр: Алғашқы сөз кезегі аудандық мәдениет және тілдерді
дамыту бөлімінің басшысы Елеутов Қайрат Нағашыбайұлы.

Қазақ – мал
баққан, найзаға үкі таққан,достықты сақтай білген, дәм-тұзын ақтай білген жомарт
халық. Алайда, сарғайған тарих беттеріне үңілсек, елдің қабырғасын қайыстырған
ақтаңдақ тұстар жетерлік. Әсіресе, 1929 жылдан басталған ашаршылықтың 
елімізге тигізген зілі ауыр.

Ал, 1931-1932
жылдары етек алған ашаршылық халқымыздың  тең жартысын жалмап кетті.

Ашаршылық
жылдары 1931-1933 жылдары белгілі қазақ демографы Мақаш Тәтімовтың есептеуі
бойынша 2 миллоннан астам көз жұмған.

Осы жазықсыз
жазаланған жандардың рухына құран бағыштап бүгінгі күн туралы өз пікірін
білдіруге ортаға аудандық «Нұр» мешітінің имамы Әли Алмат амангелдіұлын
шақырамыз.

  Жүр:
 Қайран, қазақ елі… Жас ұрпаққа айта
алмаған, жеткізе алмаған, жан дүниеңді дір еткізетін сырға, мұңға толы тарихи
парақтары қаншама әлі. Оған куә мына жатқан кең сары дала, заңғар таулар,
өзен-көлдер, құм-шөлдер, тарихи ескерткіштер: мазарлар, қираған ежелгі
қалалардың орны. Ғасырлар бойы ата-бабамыздың қаны тамған топырақ исі мүңкіп
тұр.

Қазақ халқы бұл дүниеде не көрмеді? Сонау \» Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама \» заманынан бастап, қойша қырылған \» репрессия
\» жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жаһан далада өмір
сүруі, не жойылып кету қаупі тұрған еді. Кеңес заманында Қазақстанда екі
рет аштық қырғыны болғанын айтуға тиіспіз. Әрине, ең үлкен аштық қырғыны өткен
ғасырдың 30-шы жылдары орын алды. Ол тарихта Ұлы жұт Ашаршылық жылдары деген
атпен аталады. Бірақ сонымен бірге 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықты да
ұмытпаған жөн болар. Осы кездері Қазақстанда миллионнан астам
адам аштан өлген» деген деректер
бар.

Жүр:Сөз кезегін Ұлы Отан соғысының ардагері, Ұлы жұт  ашаршылық жылдарының куәгері Жұмағалиев
Сәрсенбай ағайға береміз.

Алаш арыстарының көсемі Ахмет Байтұрсынов 20 жылдардағы
аштық жөнінде 1922 жылғы «Қазақ календарына» жазған «Тәні саудың — жаны сау»
атты мақаласында: «…Өткен қыста аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін бірі
жеді. Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адамдарды малша ұрлап,
малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, көшеде жүруге болмады. Мезгілсіз уақытта
көшеде жүрген адамдарды жылқы сияқтандырып бұғалық салып, буындырып ұстап,
сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жетті… Аштықтан адамның тәні
азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адамгершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман
болып кетті…» деп жазған екен. «Тарих керуен жылжиды, уақыт тоқтамайды» деп ақындар жырлағандай 
енді қайғылы оқиғаны өткен күннің еншісіне қалдырайық, тарих беттерінен қаралы
күндерді парақтамайық, бірақ біліп жүрейік –дегіміз келеді .

Жүр:  Біздің аудандық кітапханада ашаршылық және
саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шаралар 1998 жылдан
бері өткізіліп тұрады. 2013 жылы аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Ақтаңдақ
күндердің ақиқаты» тақырыбында еске алу күніне  қатысқан бүгінде о дүниелік болып кеткен,
ашаршылықты өз көздерімен көрген куәгерлер Шармантаева Ажар және Балмухашева
Нақия әжелеріміздің айтқан естеліктерін жас ұрпаққа жеткізу мақсатында жазып
алған болатынбыз. Қазір назарларыңызға  ұсынамыз.

Жүр:                                    Домбыра
мұнша  шешен болдың неге?

Күй толған көкірегің
шежіре ме?

Сыр қозғап ғасырлардан
жөнелесін,

                          Саусағым тиіп кетсе
ішегіңе-деп,  ақын Қасым Аманжолов
жырлағандай  қа­зақтың жан жүрегін, бүкіл
сезім дүниесін өзінің күмбірлеген үнімен айнытпай дәл беретін домбыраға берсек
дейміз.

Утеулиев Естайдың орындауында Наурызбек жыраудың термесі « Әуелі сөзді
бастайын».

Жүр:  «Жұт жеті ағайынды» демекші, жығылғанға
жұдырық болып, ашаршылыққа37-жылғы сталиндік қуғын-сүргін қосылды. Азаматтар
жазықсыз  ату жазасына кесіліп, әйелдер мен балалар ауыр еңбекке
желегілді, тентіреп кетті. Тарихшылардың пайымдауынша, 1927-1953 жылдары
Қазақстан бойынша 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшыраған. Тек қана 1937-38-ші
жылдары республикада 100 мыңнан астам адам заңсыз сотталып, олардың 25 мыңға
жуығы жазықсыз атылған.

1931-1933ж .Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан,
түрлі індеттерден халықтың 40 пайызы 
қырылды .Ашаршылықтан 6,2 млн халықтың 2,1 млн опат болған. 1 млн
578 мың халық Атамекенін тастап кетті. 40 жылдай уақыт өткеннен кейін ғана бәрі
қалпына келді.

1937-1938 жылдардағы сталинизм репрессиясын ойласаң жаның
түршігеді, халықтың қамын ойлаған зиялы азаматтарымыз бір түнде репрессия құрбандарына
айналғандар қаншама? Қазақстандағы
репрессияның бірінші «толқыны» 1928 жылы басталды. Ол 1925 ж. Қазақстан өлкелік
партия комитетінің 1-і хатшысы болып келген Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» деген
теріс қорытындысына байланысты еді. Нәтижесінде республикада репрессиялык
шаралар жүргізіліп, Алаш зиялылары — Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, М.Дулатов,
М.Жұмабаев, т.б. қуғын сүргінге ұшырады.

Қуғын-сүргіннің екінші «толқыны» 1937-38 жж. жүргізілді. Бұл жылдары бүкіл
КСРО-да, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның
ызғары Қазақстанға да келіп жетті. 1937 жылы М.Ғатаулин, Н.Нұрсейітов, М.
Ордабаев, Ж.Баймолдин, А.Асылбеков, Н.Нұрмақов, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов т.б.
ату жазасына кесілді.

1937-1938ж. Лаңкестік жаппай сипат алды.Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығай
туға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды. Олар: С.Сейфуллин, Б.Майлин,
А.Байтұрсынов.101 мың қазақтар «ГУЛАГ» азабынан өтті,  27 мыңнан астамы
атылды.

Жүр: Келесі кезекті  Шолпан
Жайылханқызына берсек дейміз.

Халық әні «Бұлбұлым» орындайтын Ғани Бисенов.

Жүр: 2013 жылы өткізілген шара
қарсаңында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Хромтау тұрғындары 90 жастағы Рихерт
Эрна Яковлевнаның отбасына барып сұхбат алған болатынбыз қазір назарларыңызға
роликті ұсынамыз.

Жүр: Сол бір зұлмат күндерге
ойша орала берудің өзі жүрекке жүк санаға салмақ түсіреді. Ондай азапты да,
ауыр шақ енді қайталанбасын. Келер ұрпақ кемелді кезеңнің қызығына өз
еңбектерімен, білім-ғылымымен, күш-жігерімен жетсін. Отанымыз-Қазақстанның
болашағы барыс бейнелі баянды тірлігімен талайды тамсандырса – бізі үшін басты
қуаныш та сол болмақ. Бүгінгі ұрпақ нәубет жылдары Отанына деген кіршіксіз
адалдығын сақтап, қандай қиыншылықты да қайыспай көтере білген қаранар
тұлғалардың, есіл ерлердің жарқын бейнесін мәңгі ұмытпайды.

Сөз беріледі .Аудандық мәдениет үйінің
директоры Баймұратова Бибігүл Ұзақбайқызы.

Жүр:Кеш  соңында ашаршылық және
жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған жандар жайлы мәлімет беретін, жас ұрпақтың
тарихи-патриоттық санасын қалыптастыратын тәрбие орталығына айналатындай белгі
қойылса деген ұсынымызды білдірігіміз келеді. Еске алу іс-шараларын жылда
өткізу барлық жерде дәстүрге айналып, жалғасын тапса дейміз.

Ендігі жерде Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл
мұраты-азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау біздің мұратымыз.
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік
болғай! Келесі кездескенше күн нұрлы болсын ағайын!


СценарииСценарииСценарии

Автор публикации

не в сети 23 часа

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 564Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий