«Менің Отанымның рәміздері» челлендж

Мемлекеттік рәміздердің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ бойынша 25 мамыр-4 маусым аралығында челлендж өтеді. Мақсаты: қазақстандық патриотизмді насихаттау, жас ұрпақты тәуелсіздік нышандарына құрметпен қарауға тәрбиелеу, жастарға патриоттық тәрбие беру. Толығырақ кітапхананың инстаграм парақшасынаң көре аласыздар https://www.instagram.com/khromtau_kitapkhana/

0 комментариев

«Кітапхана жұмысында мобильді технологияларды қолдану» семинар-тренинг

                    18 мамыр күні Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана жұмысында мобильді технологияларды қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. ?Семинар –тренингтің бағдарламасы: ✅Семинардың ашылуы. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы Жайлыбай С.А. ✅Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Баймұратова Б.Ұ. ✅«Баланы кітап оқуға баулудың жолдары» . Аудандық балалар кітапханасының қызметкері Жиембаева Т.С. ✅«Кітапханалардың виртуалды көрме қызметі» - Медиа-ұсыныстар. Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Беркимбаева Д.Б. ✅«Мобильді қосымшалар арқылы бейнеролик жасау жолдары»- тәжірибе алмасу Тассай ауылдық кітапханасының қызметкері Карина А.Н.

0 комментариев

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл

2022 жылы ақпанның 15-де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай аудандық кітапхана және №7 Хромтау мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері Баймаганбетов Нарынбай Тлеужанович, Беляшев Мурат Джумагалиевич, Имандосов Ержолдас Мухамбетжанович, №7 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Жақсыбай Қымбат,тарих пәнінің мұғалімі Жетесов Нұртай Алмасұлы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүльзада Кереева, 9 класс оқушылары қатысты. №1 Хромтау орта мектебінің музыканты Ж.Хусаинов «Әскерден хат», «Алға» әнін мерекелік кешке арнап орындап берді. Кеш қонақтары ауыр кезендегі естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Жетесов Н.А. ауған соғысының тарихы туралы мол мағлұмат берді. Кітапхана әдіскері Б.Т.Абиева кітапхана ұжымы атынан шараға қатысушыларға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Аудандық кітапхана қызметкерлері «Ауғанның асуында от кешкендер» кітап көрмесін көпшілік қауым назарына ұсынып, бейнесюжет көрсетті.

0 комментариев