СОФЫ СМАТАЕВ — ҒАСЫР ПЕРЗЕНТІ
Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал.Акцияның мақсаты әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулу. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 15-ші рет өткізілуде. Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр. Назарларыңызға \"Бір ел- бір кітап\" акциясы аясында Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр», Дулат Исабеков «Жеті желкен», Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі», Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі», Думан Рамазан «Пешене» және Сая Қасымбек «Жанталас» пьесалары жинағы бойынша кітапхананың инстаграм парақшасында жарияланған виртуалды көрмені ұсынамыз. Құрметті оқырмандар, жыл кітаптарын бірге оқуға шақырамыз!
17 маусым күні аудандық балалар кітапханасы қызметкерлері №1 Хромтау орта мектебінің «Балдәурен» жазғы лагерь оқушыларына кітап оқуға шақыру мақсатында «Кітап әлеміне саяхат» атты кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмесіне табиғаттың тамаша көріністеріне арналған «Айналадағы қызықты әлем», «Жануарлар әлемі», «Жасыл ел» атты өсімдіктер, жануарлар жайлы және «Неге?, «Нені?», «Қалай?», «Қашан?» деген сұрақтарға бағыт-бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттерге бүлдіршіндердің қызығушылығын тудырған ерекше көркемделген фотосуретті ашылмалы 3D кітаптарға шолу жасалынды. Оқушылар кітапханаға жазылуға, кітап оқуға ниет білдіріп, ризашылықтарын білдірді.