Жылжымалы кітап көрмесі

17 маусым күні аудандық балалар кітапханасы қызметкерлері №1 Хромтау орта мектебінің «Балдәурен» жазғы лагерь оқушыларына кітап оқуға шақыру мақсатында «Кітап әлеміне саяхат» атты кітап көрмесін ұсынды. Кітап көрмесіне табиғаттың тамаша көріністеріне арналған «Айналадағы қызықты әлем», «Жануарлар әлемі», «Жасыл ел» атты өсімдіктер, жануарлар жайлы және «Неге?, «Нені?», «Қалай?», «Қашан?» деген сұрақтарға бағыт-бағдар сілтейтін түрлі танымдық әдебиеттерге бүлдіршіндердің қызығушылығын тудырған ерекше көркемделген фотосуретті ашылмалы 3D кітаптарға шолу жасалынды. Оқушылар кітапханаға жазылуға, кітап оқуға ниет білдіріп, ризашылықтарын білдірді.

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий