«Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш

«YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шара «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Төлен Әбдікұлының шығармашылығына байланысты «Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында жазушының өмір-баянымен таныстырып, оқушылар оның шығармаларынан үзінділер оқыды. Мектеп оқушыларының Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеу, ынталандыру мақсатында «Қаламы қарымды тұлғалар» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.

0 комментариев

«Жат жерде от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

       Ақпан айының 9 күні Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ымырттағы кітапхана-2023» әлеуметтік-мәдени шара аясында «Жат жерде от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, атап айтқанда Кужбанов Адильжан Тулегенович, Беляшев Мурат Жумагалиевич және  Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, подполковник Медведев Дмитрий Владимирович сонымен қатар Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты.       Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кеш барысында соғыста ерлікпен қаза тапқан ауданымыздың интернациолист-жауынгерлеріміз туралы бейнематериал көрсетілді. Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметтері туралы естеліктермен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Аудандық кітапханының директоры Бибігүл Ұзақбайқызы кеш қонақтарына ізгі тілегін білдірді. Кеш соңын №1 Хромтау орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хусаинов Жаслан «Әскерден хат» әнімен тәмамдады.

0 комментариев

«Кітап әлеміне саяхат»

26 қаңтар күні аудандық балалар кітапханасында оқырмандарды кітапханаға тарту айлығы аясында №1 Хромтау орта мектебінің 1 сынып оқушылары кітапханаға саяхатқа келді. Балаларға кітапхана туралы және ережелерінен жалпы мағұлматтар берілді. «Кітап әлеміне саяхат» кітап көрмесіне қойылған жаңа әдебиеттермен таныстырылып, білім әлеміне саяхат жасадық. Балаларға қордан жинақталған топтамаларды да ұсындық. Ең қызықты ертегілер, сансыз сұраққа жауап беретін энциклопедиялар мен көркем суретті балалар кітаптары ұсынылды.

0 комментариев