«Жат жерде от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

       Ақпан айының 9 күні Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ымырттағы кітапхана-2023» әлеуметтік-мәдени шара аясында «Жат жерде от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге Ауған соғысының ардагерлері, атап айтқанда Кужбанов Адильжан Тулегенович, Беляшев Мурат Жумагалиевич және  Хромтау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының орынбасары, подполковник Медведев Дмитрий Владимирович сонымен қатар Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты.

      Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады. Кеш барысында соғыста ерлікпен қаза тапқан ауданымыздың интернациолист-жауынгерлеріміз туралы бейнематериал көрсетілді. Ауған соғысының ардагерлері Ауғанстандағы әскери қызметтері туралы естеліктермен бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Аудандық кітапханының директоры Бибігүл Ұзақбайқызы кеш қонақтарына ізгі тілегін білдірді. Кеш соңын №1 Хромтау орта мектебінің музыка пәні мұғалімі Хусаинов Жаслан «Әскерден хат» әнімен тәмамдады.

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 572Регистрация: 20-10-2021