«Менің өмірімдегі кітаптың рөлі» атты кітапхана сабағы

25 қаңтар күні аудандық балалар кітапханасында №2 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің өмірімдегі кітаптың рөлі» атты кітапхана сабағы өтті. Бүлдіршіндерге ең бірінші кітапхана, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны,кітапханаға қалай жазылу керектігі туралы толық мағлұматтар берілді. Сондай-ақ іс-шара барысында бүлдіршіндердің назарына ертегі кітаптар, сөйлейтін кітаптар және «4 Д» форматындағы кітаптар ұсынылды.

0 комментариев

«Бір ел — бір кітап» акциясы

«Бір ел — бір кітап» республикалық акциясы елімізде 2007 жылдан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен ҚР кітапханалар қауымдастығының бастамасымен өткізіліп келеді.

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік туындыларды оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

2023 жылы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ жазушысы, драматург, қоғам қайраткері Төлен Әбдіктің шығармаларын оқуға ұсынылды.

Құрметті оқырмандар!

Белгілі драматург, жазушы Төлен Әбдіковтің шығармаларын оқуға шақырамыз! (далее…)

0 комментариев