«Kitap Time-2022» кітап фестивалі

Хромтау аудандық кітапханасында «Kitap Time-2022» кітап фестивалі аясында кітапхананың алаңында буккроссинг ұйымдастырылды. Буккроссингтің мақсаты: оқырмандар арасында әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. Шара барысында буккроссинг оқырман мен кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі екенін оқырмандарға түсіндіре отырып, үйімізде шаң -тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау» керек екені айтылды. Сонымен қатар, ұлттық шығармаларды ұлықтаған қазақ әдебиетінің тарландары Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына, Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушылардың кітап қорындағы әр жылдары жарық көрген шығармалары мен энциклопедиялар, өмірбаяндық анықтамалықтар, олар туралы әдебиеттер ұсынылған. Мақсаты- жазушылардың өмірі және шығармашылық қызметімен таныстыру, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғалардың шығармаларын оқуға оқырмандардың назарын аудару.

0 комментариев

«Сырбайдың сырлы әлемі» онлайн оқулары

Хромтау аудандық кітапханада Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығына орай "Сырбайдың сырлы әлемі" атты онлайн оқулары ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға ХХ ғасыр әдебиетінің өкілі, қоғам қайраткері, ақын Сырбай Мәуленовтің шығармашылығын насихаттау. "Сырбайдың сырлы әлемі" атты онлайн оқуларын кітапхананың инстаграм парақшасынан сілтемені басу арқылы көре аласыз https://www.instagram.com/p/CirVBFfjw1U/?hl=ru

0 комментариев

«Тіл туының тұғыры — Ахмет Байтұрсынұлы» оқырмандар конференциясы

"Бір ел - бір кітап" акциясы аясында XX ғасырдың басындағы саяси тұлға, қазақ тілі білімі ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Тіл туының тұғыры - Ахмет Байтұрсынұлы» атты оқырмандар конференциясы өтті. Конференцияға Хромтау тарихи-өлкетану музейінің директоры Аманғалиева Нұргүл Жолмұратқызы, №1 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кереева Гүлзада Әлібекқызы, № 3 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Имекешова Құралай Мардановна, №5 Хромтау мектеп - гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жекенова Гульназ Тынымбековна, №7 Хромтау мектеп-гимназиясың тарих пәні мұғалімі Жетесов Нұртай Алмасұлы, Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы Тымбаева Гүлсезім Сәрсенқызы, колледж кітапханашысы және студенттері қатысты. Шара барысында қазақ ұлтының, соның ішінде  қазақ тілінің өміршендігі, тіл мұрасы, Латын әліпбиі, халық ауыз әдебиетінің дамуына  қосқан үлесі еңбектері сонымен қатар ұлтым деп жүріп, тағдыр тәлкегіне түсіп, қуғын-сүргінге ұшырағаны туралы баяндамалар жасалып, қазақтың мандайына біткен киелі тұлға А.Байтұрсынұлы туралы жан-жақты ақпараттар берілді.      …

0 комментариев