15 қыркүйек — Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт ұясы» мерекелік шарасы

Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Ерекше балалар-ерекше әлем» жобасы аясында «Отбасы-бақыт ұясы» мүмкіндігі шектеулі оқушылардың қатысуларымен мәдени шара ұйымдастырылды. Шараға №1 Хромтау орта мектебінің үй жағдайында оқитын 5 оқушы ата-аналарымен қатысты. Тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып, оқушыларға отбасы туралы жан-жақты мағлұматтар беріле отырып «Бұл кім?» ойыны, «Менің сүйікті отбасым» сурет салу «Сұрақ-жауап» ойындары ойнатылды. Шараға қатысқан балаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

(больше…)

0 комментариев

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күні

Хромтау балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Тілдің мерейі-елдің мерейі»» тақырыбындағы тәрбие сағаты № 1 Хромтау орта мектебінің 5 «ә» сынып оқушыларымен және педагог ұйымдастырушы Нұржашева Л.А , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кереева Г.Ә. қатысуымен өткізілді.

0 комментариев

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Құрметті оқырмандар! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Назарларыңызға "Ата заң - елдігімнің еңсесі" атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. https://www.instagram.com/reel/Ch3xHhwsyaE/?utm_source=ig_web_copy_link  

0 комментариев