«Кітапхана жұмысында мобильді технологияларды қолдану» семинар-тренинг
18 мамыр күні Хромтау аудандық кітапханасының оқу залында аудандық, ауылдық кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Кітапхана жұмысында мобильді технологияларды қолдану» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. ?Семинар –тренингтің бағдарламасы: ✅Семинардың ашылуы. "Ақтөбе облысының Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ басшысы Жайлыбай С.А. ✅Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Баймұратова Б.Ұ. ✅«Баланы кітап оқуға баулудың жолдары» . Аудандық балалар кітапханасының қызметкері Жиембаева Т.С. ✅«Кітапханалардың виртуалды көрме қызметі» - Медиа-ұсыныстар. Кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Беркимбаева Д.Б. ✅«Мобильді қосымшалар арқылы бейнеролик жасау жолдары»- тәжірибе алмасу Тассай ауылдық кітапханасының қызметкері Карина А.Н.