\»Ана тілім-асыл қазынам\»
19 қыркүйек күні аудандық кітапхананың оқу залында 22 қыркүйек- Қазақстан халықтарының Тілдері күні мерекесіне байланысты, мемлекеттік тілдің маңыздылығын түсіндіру мақсатында \"Ана тілім-асыл қазынам атты танымдық сағаты болып өтті. Тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыруға , қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге, тілін, елін сүйе білуге үйрететін бұл мерекелік іс-шараға №2 гимназияның 5-6 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар ақын-жазушылардың тілге байланысты өлеңдерін мәнерлеп үш тілде оқыды.