«Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты жас ақындармен кездесу кеші
12 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханасында Хромтау аудандық кітапхана мен аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Туған жерім – Нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласындағы Хромтау ауданының күндеріне орай «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты Хромтау өңірінен шыққан жас ақындармен кездесу кеші өтті. Жас ақындарға қолдау көрсету, жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаев, поэзия әлеміне жол тартқан жас қаламгерлердің қадамдарына қолдау көрсетіп, жыр жинақтарын шығаруға атсалысып жүрген ақын, Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі Гүлімай Қуанышева және халық мұңын жоқтап өлеңдер жазған халық ақыны Әкімәлі Қаржауовтың жиен немересі, ақын Есенбек Жұмағалиев, Хромтау ауданына қарасты Тасөткел ауылының Ащы елді мекенінде дүниеге келген ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасының иегері Қызмет Нұралиннің жиен немересі, облыстық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегері Наурызбай Асылбеков қатысты. Поэзия кешінің шымылдығы Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесовтың құттықтау сөзімен ашылды. Арнайы қонақтар Хромтау ауданының тарихын…