«Тар заман» байқауы

 28 қыркүйек күні аудандық
кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Болашаққа
бағдар:рухани жаңғыру
» бағдарламалық мақаласы және
облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың
«Бақытты
бала
» жобасы аясында аудандық «Тар заман» байқауы
өтті.
 Байқаудың мақсаты – балаларға тарихымызды, әдебиетті
насихаттау арқылы жас ұрпақты кітап оқуға тарту, азамат соғысының қилы кезеңі
суреттелетін қазақ көркем әдебиетінің классикаларын бүгінгі оқушыларға
жеткізудің тиімді жолын табу. Байқауға аудандық
«Қазақ тілі» қоғамының
төрайымы Мариям Жұмағалиева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің
директоры Нұртай Жетесов және аудандық мәдениет үйінің әдіскері Бибігүл
Баймұратова қазылық етті. Сайыс басталмас бұрын аудандық орталықтандырылған кітапханалар
жүйесінің директоры Нұртай Жетесов азамат соғысы жылдарындағы халықтың ахуалын
баяндай отырып, осы соғыс жылдарының желісі бойынша жазылған шығармаларға
талдау жасап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
 

Байқау
шарттары бойынша қатысушылар І кезеңде Сәкен Сейфуллиннің
«Тар жол,
тайғақ кешу
» тарихи романынан және Жүсіпбек
Аумауытовтың
«Ақбілек» романынан
көрініс көрсетсе, ІІ кезеңде командалар аталмыш шығармаларға байланысты
қойылған сұрақтарға жауап берді.
 

Сайыстың
қорытындысы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің оқушылары І орынды иеленсе, ІІ
орынды №4 Хромтау орта мектебі жеңіп алды. №1 Хромтау орта мектебі ІІІ орынға
ие болды. Жарыс соңында аудандық
«Қазақ тілі» қоғамының
төрайымы Мариям Жұмағалиева жарысқа қатысушылардың дайындығының жақсы екендігін
айтып, көрініс қою сайысы бойынша үздік кейіпкерлерді атап айтып, жүлделі
орындарды иеленген қатысушыларды арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен
марапаттады.
 

«Тар заман» байқауы  «Тар заман» байқауы «Тар заман» байқауы «Тар заман» байқауы «Тар заман» байқауы «Тар заман» байқауы «Тар заман» байқауы «Тар заман» байқауы


<!—
[if !supportLineBreakNewLine]
—>

<!—
[endif]
—>

   

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий