«Мәдениет – рухани байлық»
27 сәуір күні Кеншілер мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Хромтау Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығына арналған « Мәдениет-рухани байлық » атты форум өтті. Форумның мақсаты- мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ұлттық мәдениетті насихаттау. Форумға Ақтөбе облыстық халық шығармашылық орталығының мәдени – демалыс ұйымдастырушысы С.Қобланова және облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі С.Қ.Райымкулова, ауылдық және аудандық мәдениет қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, шара барысында аудандық кітапхана қызметкерлері «Мүмкіндіктері мол өлке » кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Хромтау ауданының тарихы, қазба байлықтары,батырлары туралы жазылған кітаптар қойылды.Кітапхана директоры Н.А.Жетесов библиографиялық шолу жасады. Шолу барысында қонақтар зер салып тындап, Хромтау өңіріне байланысты өз сұрақтарын қойды. Соның ішінде, Бөгетсай ауылының кіші энциклопедиясы кітабына кеңірек тоқталды. Форум соңында мәдениет саласында көп жыл еңбек еткен зейнеткерлерге гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталып, мерекелік шара сазды бағдарламамен жалғасты. 27 апреля в рамках программы «Рухани жанғыру»:взгляд в будущее и к…