Аудандық кітапханада балалардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында балалар бөлімінде МТББОрталығы жанындағы жазғы «Балдәурен» лагері балаларымен «Ертегі тыңдап өсемін» тақырыбында дауыстап оқу өткізілді. Мақсаты: балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез-құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, жақсы мен жаманды, адалдық пен зұлымдықты, шындық пен өтіріктің арасын айыра білуге, елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Балаларға үнтаспадан ертегіден үзінді тыңдатылып,сұрақтар қойылды. Балаларға түрлі түсті қағаздар үлестірілді . Сонда көрсетілген ертегінің тақырыбы бойынша сол ертегідегі кейіпкерлерді атайды. Арыстан,аю,түлкі,қасқыр осы аңдардың ертегіде қандай кейіпкер ретінде алынатынын , қозғалысын,дыбысын салу. Ертегіден көріністер көрсету.1. Түлкі мен қасқыр.2. Бауырсақ ертегісі. Сергіту сәті. Өз ойларынан ертегі құрастырып айту. Сондай-ақ, «Кітапхана – кітап үйі»-кітапханаға саяхат» – №1 мектеп жазғы демалыс лагері оқушылары кітапханаға саяхат жасады. Балалар бөлімінің кітапханашысы Т.С. Жиембаева оқушыларды кітапхана бөлімдерімен, кітаптар әлемімен, кітапханаға жазылу ережелерімен таныстырды. Ертегілер көрсетіліп ертегі кейіпкерлері туралы сұрақтар қойылды. В детском отделе районной библиотеки для детей пришкольного лагеря ««Балдәурен» провели громкие читки. Цель: научить…