«Оқитын өлке» облыстық акциясы — 2016
Уважаемые читатели! Для чтения по акции «Оқитын өлке -читающий край» в 2016 году выбрана книга...
Уважаемые читатели! Для чтения по акции «Оқитын өлке -читающий край» в 2016 году выбрана книга...
Бұл жинаққа М.Сыздықовтың \"Ақ бас тырна\" атты шағын повесі мен әңгімелерін ұсынған екен. Нені жазса да, аса ұқыпты, тілі жатық, бала психологиясын жақсы білетін қаламгердің бұл кітабі анық.Жазушы балалар өмірінің қызықты сәттерін тілге тиек етеді. Кітап адалдыққа, туған жерді сүюге тәрбиелейді. Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттер, даналық ойлары мен қанатты сөздері. Қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар - хандар. Хандар тарихы арқылы сол дәуірдегі мемлекетіміздің тарихын терең білуге болады. Осы кітапта хандық дәуірдің біртұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды қалың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік құрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орны туралы баяндалады. Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстік-шығысындағы бітімге әкелген белсенді қызыметінің куәгері болған еді. Кітапта Мадандағы 2015 жылдың ақпан айына деінгі оқиғалар қамтылған. Автор книги Онжанов Н. стал свидетелем активной деятельности Главы нашего государства, приведшей к…
2015 жылдың қараша айының 6-да облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы, Әйтеке би аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Кітапхана-этностық құндылықтар мен толеранттылықтың рухани орталығы» тақырыбында Әйтеке би ауданының аймақтық кітапханалар күні өткізілді. Қазақстан халықтарының күнтізбелік-кәделі мейрамдарынан көріністер көрсетілді. Хромтау аудандық орталық кітапханасы «Иван Купала» украин халқының мейрамынан көрініс көрсетіп мерекенің тарихына, сиқырлы құпияға толы бұл күнді адамдар таңғажайып елестермен байланыстыратын мереке күнінде өтетін рәсімдерге тоқталып, Купала түнінде ғана ерекше емдік күшке ие болатын шөптерді жинау керектігі айтылды. Түнгі думанның ең негізгі шарықтау шегі купаль алауынан секіру болғандықтан көрермендермен оттан секіру, қырыққұлақ гүлін, қазынаны іздеу рәсімдері өткізіліп белсене қатысқан қонақтарға сыйлықтар тарту етілді.Сондай-ақ, көрермендер мерекенің салты бойынша ағаштарға ленталар байлап тілек тіледі.Ағашқа ілінген қағаз жапырақтарда жазылған Иван Купала мерекесіне байланысты мақал-мәтелдер,ырымдарды қазақ тілінде немесе орыс тілінде оқып мағынасын түсіндіріп берді. Мереке барысында түрлі ойындар ұйымдастырылып, көрермендермен тығыз байланыста өткізілген шағын көрініске әріптестер ризашылығын білдіріп,шығармашылық…