Елімізде 1989 жылы 22-қыркүйекте «Тілдер туралы» Заң қабылданды. Сол уақыттан бері әр жыл сайын қыркүйек айында Тіл мерекесі атап өтіледі. Жоғарыда тілге тиек етілген құжатта қазақ тілі – мемлекеттік тіл деген мәртебеге ие болды. Бұл әділетті шешім еді. Біздің ана тіліміз мұндай жоғары құрметке әбден лайық. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың мемлекеттік тілді білуі, оны құрметтеуі – міндет. Елбасының өзі әрдайым да атап көрсеткендей, мемлекеттік тіл – Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды дәнекері. Елімізде бірнеше ұлт өкілдері тұратыны белгілі. Жергілікті ұлт – қазағымыз секілді олардың да арман-мақсаттары, көздеген ниеттері бар. Қандай ұлт өкілі болса да өз ана тілін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын ерекше бағалайтыны белгілі. Мемлекетіміз мұны түсінеді. Міне, сондықтан да еліміздегі қай ұлт өкілінің болса да тілінің, ұлттық қасиеттерінің сақталуына толық жағдай жасалған. Тіл күнінің де Қазақстан халқының Тілдері күні болып аталуы осыдан. Тіл мерекесі құтты болсын! …