«Үш буынды сот және Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар»

12 наурызда аудандық соттың төрағасы Айсұлтан Жабайұлы мен
судья Саягүл Тәуекелқызымен «Үш буынды сот және Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар»
тақырыбында баяндама оқылып, кездесу өткізді. Кездесуге Хромтау аудандық
тілдерді дамыту бөлімінің, АХАТ, Хромтау аудандық жастар ресурсы және жастар
арасындағы дін мәселелері, қоғаммен байланыс орталығы, әлеуметтік көмек көрсету
бөлімі, Әділет басқармасының мамандары қатысты. 
Кездесу барысында Айсұлтан Жабайұлы Елбасы Жолдауын негізге
ала отырып, қазіргі таңдағы сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға тоқталып, сот
жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше
алатындай болуға тиіс екендігін атап өтсе, Саягүл Тәуекелқызы медиациялық
басқарудың түрлеріне тоқталды. 
Хромтау аудандық сотының төрағасы Айсұлтан Жабайұлы сот
жүйесі біріншіден тараптарды бітімге келтіруге тырысатындығын айтып, осыған
орай ауданда медиаторлар жұмыс жасайтындығын жеткізді.Сонымен қатар, мамандар
қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
   
«Үш буынды сот және Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар» «Үш буынды сот және Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар» «Үш буынды сот және Сот жүйесіндегі жаңашылдықтар»

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий