«Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты патриоттық кеш

16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты патриоттық кеш өтті. Мақсаты: бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, ел тарихына шолу жасау. Шараға №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Ақжарқын Махсутқызы мектеп оқушыларына желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик көрсетіп, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстырды. «Тәуелсіздік шежіресі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында оқушылардың ой-өрістерін кеңейту мақсатында тәуелсіздікке қатысты викториналық сұрақ-жауап ойыны өтті.

Автор публикации

не в сети 1 неделя

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021