Талғат Мұсабаев 70 жаста

Талғат Мұсабаев Амангелдіұлы, 1951 жылғы 7 қаңтарда Қазақ КСР Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы кентінде дүниеге келген.

 1974-1993 жылдар аралығында ұшқыш мамандығы бойынша бірнеше оқу орнын оқып бітірген.

Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ» ғарыш кемесімен қатарынан үш рет ғарыш әлемін бағындырды. Ол ғарышта ең алғаш рет 1994 жылы 126 тәулік, 1998 жылы Екінші сапарында 208 тәулік және 2001 жылы жасаған соңғы сапарында 8 тәулік болған. Бұл – ғарышта болу ұзақтығы бойынша қазақ ғарышкерлері арасындағы тұңғыш рекордтық көрсеткіш болып саналады. 

 Ол ғарыш стансасынан тыс ашық ғалам аясында жалпы мерзімі 41 сағат 21 минут болған. Гиннестің үздік табыстар кітабына бір айдың ішінде 5 рет, барлығы 30 сағат 8 минут ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққаны үшін есімі айшықталып жазылған. 

 ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып 2017 жылы Президенттің Жарлығымен сайланған. Осы орайда  оқырмандарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Хромтау аудандық балалар кітапханасы \»Мен ғарышкер боламын\» атты онлайн шолуды  khromtau_kitapkhana инстаграмм парақшасында жариялады. 


Толық ақпаратты сілтеме арқылы көре аласыздар-  https://www.instagram.com/tv/CKib7HanwBJ/?igshid=1beqmwbfiw9kk  

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий