\»Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы\»

                      "Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы"

Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ұлы Дала
Елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күн аясында «Мәңгілік елдің биік
мұраттары» атты облыстық акциясын жариялды,
осыған орай Хромтау аудандық кітапханасының
балалар бөлімінде аудандық мәдениет үйімен бірлесе отырып,
желтоқсан айының 7 күні «Тәуелсіздік
— елімнің еркін жолы» атты тақырыптық кеш өткізілді.

Өскелең
ұрпаққа еліміздің Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, оларды өз елін
сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу мақсатында өткен шараға
№1 мектептің 9 класс оқушылары және мектептен
тыс білім беру орталығы үйірмесінің
оқушылары қатысты. Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік Гимні орындалып, шара
барысында Тәуелсіздігіміздің 25 жылында еліміз қол жеткізген атаулы сәттерге
шолу жүргізілді. Тәуелсіздік жылнамасының ең
негізгі даталары туралы слайд көрсетіліп, кітап көрмесі
безендірілді.

Үйірме оқушылары Отанға
деген құрметтерін өлең шумақтары арқылы жеткізсе ,мәдениет үйінің өнерпаздары
Ж.Мырзахметова, С. Байжанов көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлап, әсем әндерімен
әрледі.

Тәуелсіздік атты бұл тәтті сөздің тұңғиығына
ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы,азаттық жолында құрбан болған
талай-талай боздақтардың ұрпаққа қалған аманаты ,ұлы даланың жас
перзенті-қалың қазақтың азаттық мұратындағы қасиетті күрестері,тағдыр алға
тартқан талай тар жол,тайғақ кешулер жатқандығы, жаңа ғасырмен бірге келген
ел тәуелсіздігі азаттық ұранын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің
жалғасы екендігі туралы баяндалды. Шараға 63 адам қатысты.

 

В честь 25-летие Независимости РК областная детская
библиотека им. Н.Байганина объявила акцию «Мәңгілік елдің биік
мұраттары». Детский отдел районной библиотеки совместно с работниками
районного Дома культуры 7 декабря провели тематический вечер«Тәуелсіздік — елімнің еркін жолы» . На
вечер были приглашены учащиеся 9 классов
школы №1. Вечер начался с Гимна Республики Казахстан. В течении вечера
библиотекари Кадиржанова Г и Иссалиева А рассказали о декабрьских событиях
1986 года, о становлении молодого государства. Звучали стихи и песни о
Республике, просмотрели слайд, к мероприятию была оформлена книжная выставка.

 

 

"Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы"       "Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы"       "Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы"        "Тәуелсіздік - елімнің еркін жолы"

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 477Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий