«Қызы батыр ел — ұлы ел»

 29 қазан күні аудандық кітапхана және Хромтау тау- кен техникалық колледж кітапханасының ұйымдастыруымен Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың туғанына 95 жыл толуына орай «Қызы батыр ел — ұлы ел» тақырыбында колледждің мәжіліс залында еске алу кеші өтті. Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батыры, қазақ халқының батыр қызы Ә.Молдағұлованың өмірі мен ерлігін насихаттау.Жас ұрпақты отансүйгіш, патриот азамат боп өсуге тәрбиелеу. Тарихи кеш бір минут үнсіздікпен басталды. Кітапханашы Мұратқали А. Ә.Молдағұлованың өмірбаяны, ерлік жолдары туралы толық мағұлмат берді.Студенттер Дуйсебаева С. Азимова Ф. Ермагамбетова Ж. Оразбаева Г. Хасенова І. өлең шумақтарын оқып, Қалжанова А. «Сапураға хат», Қалжанова А. Хасенова І. «Әлиямен сырласу» атты көрініс қойды. Бейнекөрініс көрсетіліп, Хасенова Н. Азимова Ф. «Әлия» әнін шырқады.    
«Қызы батыр ел - ұлы ел» «Қызы батыр ел - ұлы ел» «Қызы батыр ел - ұлы ел»

Автор публикации

не в сети 1 месяц

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 477Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий