Жаңа кітаптар/Наши новинки

 Жаңа кітаптар/Наши новинки    Бұл жинаққа М.Сыздықовтың \»Ақ бас тырна\» атты шағын повесі мен әңгімелерін ұсынған екен. Нені жазса да, аса ұқыпты, тілі жатық, бала психологиясын жақсы білетін қаламгердің бұл кітабі анық.Жазушы балалар өмірінің қызықты сәттерін тілге тиек етеді. Кітап адалдыққа, туған жерді сүюге тәрбиелейді.  
Жаңа кітаптар/Наши новинки Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттер, даналық ойлары мен қанатты сөздері.

Жаңа кітаптар/Наши новинки Қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар — хандар. Хандар тарихы арқылы сол дәуірдегі мемлекетіміздің тарихын терең білуге болады. Осы кітапта хандық дәуірдің біртұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды қалың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік құрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орны туралы баяндалады. 

 
Жаңа кітаптар/Наши новинки  Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстік-шығысындағы бітімге әкелген белсенді  қызыметінің куәгері болған еді. Кітапта Мадандағы 2015 жылдың ақпан айына деінгі оқиғалар қамтылған.   
Жаңа кітаптар/Наши новинки  Автор книги Онжанов Н. стал свидетелем активной деятельности Главы нашего государства, приведшей к перемирию  на юго-востоке Украины. Книга охватывает события от Майдана до февраля 2015 г.  
Жаңа кітаптар/Наши новинки  Е.Жеңісұлының бұл кітабына \»Дарабоз\» балаларға арналған шығармалар бәйгесінде жүлде алған \»Мынау ғазиз дүние\» хикаяты мен бірқатар әнгімелер енді. Әңгімелер балалардың бүгінгі қиялын, дүниетаны мын аңғаруға талпынысымен қызықты.   
Жаңа кітаптар/Наши новинки  А.Асылбектің бұл кітабы әр түрлі жастағы балаларға арналған өлеңдер, жұмбақтар, түрлі ойындар, және ертегілар топтастырылған.Кітапқа енген шығармалар балалар ұғымына лайықты жеңіл тілмен жазылған.  
Жаңа кітаптар/Наши новинки  \»Жанталас\» автордың тұнғыш кітабы. Патриоттық сезімге жетектейтін бұл шығарма қазақтың жас батыры Сартайға арналған. Батырдың тұлғасы айқын, балаларға үлгі десек, қателеспейсіз.   

Жаңа кітаптар/Наши новинки  Бұл кітапта бала кейіпкерлердің басынан өткен қызықты оқиғалар әңгімеге арқау еткен. Отбасындағы әке орны, сәбидің сезімі, арман-мұңы, ізденісі оқырман жанының нәзік пернесін дың еткізері сөзсіз. Кітап балаларға және ата-аналарына арналған. Тілі шұрайлы, оқылуы жеңіл, өнегесі мол.   
Жаңа кітаптар/Наши новинки  Сборник выступлений Президента Республики Казахстан содержит избранные концептуальные речи Н.Назарбаева по самым актуальным темам международной политики. Представленные в нем материалы дают возможность ознакомиться с казахстанским видением важнейших мировых проблем и предложениями по их решению.   
Жаңа кітаптар/Наши новинки  Н.Жанұзақұлының \»Бір ауыз сөзім — мың ділда\» атты кітабы жаңа формада жазылған. Философиялық ой-пікірді қазақ ұлтының шешендік сөздері мен лирикалық көңіл-күй толғамы арқылы бейнелейді.   
Жаңа кітаптар/Наши новинки  Халқымыздың біртуар азаматы, жазушы, драматург, оқырмандар жүрегінен өзінің тарихы шығармаларымен орын алған қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі кемеңгер тұлға І.Есенберлиннің поэзия жинағына \»Намыс\», \»Айша\», \»Сұлтан\» соғыс дастандары мен ән текстері енген.   
     
     
     
     
     
     

 
 

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий