Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі

Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесіЖас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі
Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі Жас дарын Серіктай Марсельдің сурет көрмесі

 

Шараға мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар қатысты. Сонымен қатар мереке қонақтары Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қ.Н. Елеутов, аудандық мұражай директоры Н.Ж.Аманғалиева, Мәдениет үйінің инспекторы Р.Ж. Қаржаубаева, \»Нұр Отан” партиясы Хромтау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Ж.Нұрымов  жас дарынға шығармашылық шабыт, зорденсаулық, сәттілік, өнерінің әрі қарай шындала беруіне ізгі тілектерін білдіріп, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің атынан мұғалімі Рычкова Клараға және Марсельдің анасы Таимова Венераға алғыс хаттарын табыс етті.

Марсельдің бейнелеу өнеріне деген қызығушылығы 2 жасынан басталған. Ерекше дарыны 2013 жылы қатысқан «Айналайын 2013» жас таланттар балалар фестивалінде байқалды, ол «Көркемсурет өнері» номинациясы бойынша бас жүлдені , Космонавтика күніне орай өткен «Дети –космосу» облыстық байқауында 1 орынды иеленді.

Сонымен қатар, 2014 жылы қараша айында Астана қаласында балалар және жасөспірімдер шығармашылығына арналған байқау-фестивалі ұйымдастырылып, жоғары халықаралық  сарапшылар назарына Башқұртстан, Ресей, Армения, және Қазақстаннан келген дарынды балалар және жасөспірімдер жұмыстары ұсынылып, Ақтөбе облысы соның ішінде Хромтау қаласынан 7 жасар Серіктай Марсель «Живопись» және «Графика» екі номинациясы бойынша қатысып 1 орынға ие болды.

Биыл наурыз айында жас дарын Серіктай Марсель Art Dubai көркемөнер шығармашылығының дүниежүзілік көрмесіне қатысты.Марсель жалпы топта өнер көрсетіп, жұмыстары ересек кәсіби дарын иелерімен бірдей бағаланып 2 орынды иеленді. Оның шеберлігіне таңғалған Дубай шейхі суретші баланы өзіне қонаққа шақырды. Кейін шейх Серіктай Марсельге екі тілдегі энциклопедияны сыйлаған.

Анасы В.Таимова және мұғалімі К. Рычкова Марсельдің өнерге деген құштарлығы  жайында әңгімелеп берді.

Мерекелік шара мәдениет үйінің әншілері Ғани Бисеновтың, Естай Утеулиевтың әсем әндері,термелерімен жалғасты. Қадірлі қонағымыз мәдениет, тіл жанашыры Мариам апай жас дарын Серіктай Марсельге өзінің ақ батасын берді.

Кешімізді қазақ бейнелеу өнерінің дамуына сүбелі үлес қосатын Әбілхан Қастеев секілді біртума суретшілер көп болсын!-деген ізгі тілекпен аяқтадық.

 

Көрменің мақсаты: Марсельдің тамаша жұмыстарымен таныстыру, бағыт-бағдарын көпшілікке
насихаттау, шағын қаламыздың жас дарынға деген мақтанышын жеткізу.

 

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий