\»Жастар және кітап\»

 Аудандық кітапхананың оқу залында 14 қараша күні Жастар жылына арналған
«Жастар және кітап » атты зияткерлікті танытар интеллектуалды сайыс өтті.
Сайысқа №5 Хромтау-гимназиясы «Шамшырақ» тобы , №3 Хромтау орта мектебі
«Жалын»тобы, Хромтау тау-кен техникалық колледжі «ЖасStar» тобы, Ақжар орта
мектебі «Ақжар жастары» , Нұрлы-көш орта мектебі «Білімділер» қатысты.Сайыс 4
кезеңнен тұрды: «Сәлем-сөздің анасы»,« Кітап туралы толғау», «Жастар-кітап
әлемінде», «Тосыннан тапсырма,тосылған тапқыр ма?»
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Шамшырақ» тобы — 1 орынды,«Жалын»тобы
-2 орынды, «Ақжар жастары» — 3орынды жүлдесе, «ЖасStar» тобы мен «Білімділер»
тобы алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге, «Шамшырақ» тобына «Ең үздік
оқырман жастар 2019 жыл» мүсінше табыс етілді.Шара соңында кітапхана директоры
А. Ж.Таимова қатысушылар мен сайысқа дайындаған мұғалімдерге ризашылығын
білдіріп , дипломдар, естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті.
   

"Жастар және кітап" "Жастар және кітап" "Жастар және кітап" "Жастар және кітап"

Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 562Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий