Жазықсыз жапа шеккендер

Хромтау аудандық кітапхананың оқу залында саясиқуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Жазықсыз жапашеккендер»  атты кеші өтіп, кітап көрмесіұйымдастырылды. Кешке ауылдық,
аудандық  мектеп кітапхана қызметкерлері,музей қызметкерлері, Тау-кен техникалық колледжінің студенттері қатысты. Шараға
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елеутов Қ.Н, аудандық ішкі
саясат бөлімінің басшысы  Ж.Б.Ракишева,аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева М.Т, сонау нәубет жылдардың куәсі болған көнекөз қарияларЖұмағалиев Сарсенбай ағай және Өмірбаев Байдулла ағай шақырылды.

Аудандық «Нұр» мешітінің имамы Әли Алмат Амангельдіұлы жазықсыз жазаланған
жандардың рухына бағыштап құран оқып, жеті нан таратылды.  Ашаршылық жылдарының куәгерлері Шармантаева
Ажар апай және  Балмухашева Нақияәжелерімізбен, саяси қуғын-сүргінге ұшыраған Хромтау тұрғыны  90 жастағы Рихерт Эрна Яковлевнамен өткен
сұхбаты көпшілік назарына слайд арқылы ұсынылды. Тарихшылардың деректері
бойынша  саяси қуғын -сүргін және
ашаршылық құрбандары туралы мәліметтер берілді.

Жұмағалиев Сарсенбай ағай және Өмірбаев Байдулла ағай жас ұрпаққа нәубетжылдарындағы қиын кезеңдер туралы әңгімелеп берді.

Ендігі жерде рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл
мұраты – азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау біздің мұратымыз. Еске
алу іс-шараларын жылда өткізу барлық жерде дәстүрге айналып, жалғасын тапса
дейміз.

Жазықсыз жапа шеккендерЖазықсыз жапа шеккендерЖазықсыз жапа шеккендер
Жазықсыз жапа шеккендерЖазықсыз жапа шеккендерЖазықсыз жапа шеккендер


Автор публикации

не в сети 2 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 588Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий