«Жыр әлемінің- Ізтайы»

Облыс бойынша жерлес ақын
жазушылардың шығармаларын насихаттауда «Оқы Ақтөбелік өренім» атты марафонға
ақын Ізтай Тілеуұлы Мәмбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай шығармалары
таңдалып алынды. 28 ақпан күні аудандық кітапхананың  балалар әдебиеті бөлімінде «Жыр әлемінің-
Ізтайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кітапханашы Жиембаева Т.С. ақын І.Мәмбетовтың қысқаша өмірбаянымен
таныстырып,
шығармашылығына
арналған слайдқа шолу жүргізді. 
№3 мектептің 4
«а»сынып оқушылары
  І.Мәмбетовтің «Мен
туыппын ақпандатқан боранда», «Мен ақынмын», «Мәмбетовтер», «Өгей шешеме» т.б.
өлең-жырларын мәнерлеп оқыды. № 1 мектептің 6 сынып оқушысы Мырзабекова Жадыра
«Ақ желең» күйін орындаса, №3 мектептің Сабина «Тәуелсіз елдің қызымын» әнін
шырқап берді. 
Сөзін Ізтай
Мәмбетов жазған «Қаракөз» әні тыңдалып, шараға қатысушылардың барлығы бірігіп
айтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой бөлісті. 
Шараға №1,3
орта мектептердің оқушылары мен кітапханашылары
 қатысты.
   

«Жыр әлемінің- Ізтайы» «Жыр әлемінің- Ізтайы» «Жыр әлемінің- Ізтайы» «Жыр әлемінің- Ізтайы»

Автор публикации

не в сети 3 дня

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 491Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий