Знаменательные даты

2013 жылы атап өтілетін
ж
әне еске
алынатын айтулы к
үндер
тізбегі

ҚАҢТАР
1 қаңтар
— мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам
қайраткері, филология ғылымының кандидаты Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің туғанына 70
жыл (1.01.1943).

1 қаңтар – қазақ жазушысы,
балалар ақыны, аудармашы Ермек Өтетілеуовтың туғанына 75 жыл (1938-2006).

1 қаңтар — филология ғылымының
кандидаты, доцент Роза Қазиқызы Мұхамбетқалиеваның туғанына 60 жыл (1953).

18 қаңтар — ақын, педагог,
түрколог, ғалым, ҚазАКСР халық ағарту комиссары Ахмет Байтұрсыновтың туғанына
140 жыл (18.01.1873-8.12.1938).*

23 қаңтар – тарих ғылымының
кандидаты, БҚМУ доценті Олег Щелоковтың туғанына 60 жыл (1953).

АҚПАН
2 ақпан
— әнші-композитор, ҚР халық әртісі Алтынбек
Қоразбаевтың туғанына 65 жыл (1948).

10 ақпан – публицист, әдебиетші,
аудармашы Зейнолла Серікқалиевтың туғанына 75 жыл (1938-2004).

20 ақпан – география ғылымының
кандидаты, БҚМУ доценті Валентин Амельченконың туғанына 60 жыл (1953).

20 ақпан – филология ғылымының
кандидаты, БҚМУ доцентІ Кабира Кабошқызы Биалиеваның туғанына 70 жыл (1943).

22 ақпан – тарих ғылымының
докторы, БҚМУ доценті Әсет Сембайұлы Тасмағамбетовтың туғанына 50 жыл (1963).

26 ақпан – педагог, мемлекет
және қоғам қайраткері Бірғаным Сарықызы Әйтімованың туғанына 60 жыл
(26.02.1953).

Ақпан – «Абай» журналының жарық
көре бастағанына 95 жыл (1918).

Ақпан – «Жұлдыз» журналының
жарық көре бастағанына 85 жыл (1928).

НАУРЫЗ
8 наурыз
– қазақ тіл маманы, филология ғылымының докторы
Әсет Болғанбаевтың туғанына 85 жыл (8.03.1928)

11 наурыз – қазақ тілі маманы,
педагогика ғылымының кандидаты, доцент Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың туғанына
120 жыл (11.03.1893-5.04.1958)

22 наурыз –педагогика ғылымының
кандидаты, БҚМУ доценті Илья Ломоносовтың туғанына 75 жыл  (1938).

СӘУІР
3 сәуір
– халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы
ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі Амангелді Үдербайұлы Имановтың
туғанына 140 жыл (3.04.1873-18.05.1919)

3 сәуір – тарих ғылымының
кандидаты, профессор, ғалым-тарихшы, өлкетанушы Павел Букаткиннің туғанына 90
жыл (1923).

10 сәуір – Қазақстан
Республикасының Жоғары білім беру туралы заңының қабылданғанына 20 жыл (1993).

23 сәуір – тіл білімі маманы,
филология ғылымының кандидаты, педагог Қарашаш Халелқызы Досмұхамедованың
туғанына 90 жыл (23.04.1923).

23 сәуір – жазушы, Ұлы Отан
соғысының ардагері, әйгілі партизан, Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына
95 жыл (23.04.1918-30.12.2006).*

26 сәуір – педагог, ғалым,
журналист, қазақ дәрігері, қоғам қайраткері, профессор Халел Досмұхамедовтың
туғанына 130 жыл (24.04.1883-23.04.1939).*

МАМЫР
2 мамыр
– филология ғылымының докторы, профессор, академик
Кәкен Аханұлы Ахановтың туғанына 85 жыл (2.05.1928-18.08.1978).

4 мамыр – қазақ әдебиетшісі,
филология ғылымының докторы, педагог, профессор Зәки Ахметовтың туғанына 85 жыл
(4.05.1928-2003).

9 мамыр – химия ғылымының
кандидаты, БҚМУ доценті Ақтоты Болатқызы Ниязбекованың туғанына 50 жыл (1963).

12 мамыр – филология ғылымының
кандидаты, БҚМУ доценті Ағилаш Әділқызы Ниязғалиеваның туғанына 55 жыл (1958).

15 мамыр – филология ғылымының
докторы Нұржамал Оралбайқызы Оралбаеваның туғанына 85 жыл (15.05.1928).

15 мамыр – Абай атындағы
Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің құрылғанына 85 жыл (15.05.1928).

30 мамыр – композитор, өнертану
докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Борис
Ерзаковичтің туғанына 105 жыл (30.05.1908-2.05.1997).

МАУСЫМ
13 маусым
– философия ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті
Құрманай Мадиқызы Науанованың туғанына 55 жыл (1958).

23 маусым – музыка зерттеушісі,
профессор Петр Васильевич Аравиннің туғанына 105 жыл (23.06.1908-29.05.1979).

25 маусым – ақын, Алаш
қозғалысының қайраткері Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 120 жыл
(25.06.1893-19.03.1938).*

ШІЛДЕ
11 шілде
– қазақтың ақыны, ойшыл, аудармашы, композитор
Шәкәрім Құдайбердиевтің туғанына 155 жыл (11.07.1858-2.10.1931). *

27 шілде – композитор, қоғам
қайраткері Төлеген Мұхамеджановтың туғанына 65 жыл (1948).

ТАМЫЗ
9 тамыз
— өнертану ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті
Галина Гурьеваның туғанына 65 жыл (1948).

15 тамыз – ақын, ҚР халық
жазушысы Ғафу Қайырбековтың туғанына 85 жыл (1928-1994).

15 тамыз – экономика ғылымының
кандидаты, БҚМУ доценті Галина Нестеренконың туғанына 55 жыл (1958).

21 тамыз — педагогика ғылымының
докторы, профессор, әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, М.Өтемісов
атындағы БҚМУ ректоры Асхат Сәлімұлы Иманғалиевтің туғанына 60 жыл (1953).

30 тамыз — қазақ мектебіне
арналған орыс тілі оқулықтарының авторы Шаймақова Рауза Қуандыққызының туғанына
80 жыл (30.08.1933).

ҚЫРКҮЙЕК
2 қыркүйек
– жазушы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 95 жыл
(02.09.1918-1987)

3 қыркүйек – ағарту ісінің
көрнекті қайраткері Әуезхан Қанафияұлы Қанафиннің туғанына 85 жыл (3.09.1928).

4 қыркүйек – қазақтың ақын қызы
Жадыра Дәрібаеваның туғанына 65 жыл (1948).

8 қыркүйек — ауыл шаруашылық
ғылымының кандидаты Нұржан Рахметұлы Молдахановтың туғанына 55  жыл
(1958).

13 қыркүйек – қазақ
балетмейстері, ҚР халық әртісі Аюханов Болат Ғазизұлының туғанына 75 жыл
(1938).

26 қыркүйек – тарих ғылымының
докторы, профессор, ҚР ҰҒА-ның академигі Тоқмұхамед Сәлменұлы Садықовтың
туғанына 75 жыл (26.09.1938).

26 қыркүйек — жазушы Тайыр
Жароковтың туғанына 105 жыл (26.09.1908-1965).

ҚАЗАН
1  қазан
— педагог, жазушы, аудармашы Спандияр
Көбеевтің туғанына 135 жыл (1.10.1878-2.12.1956)

2 қазан – ҚазССР-нің еңбек
сіңірген әртісі, актер Тұңғышбай Қадырұлы Жаманқұловтың туғанына  65 жыл
(1948).

13 қазан — ҚР халық әртісі,
композитор Әсет Бейсеуовтің туғанына 75 жыл (1938-1996).

15 қазан — философия ғылымының
кандидаты, БҚМУ доценті Есенгелді Шмырұлы Ниязовтың туғанына 70 жыл (1943).

25 қазан – Қазақстанның халық
жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 90 жыл (25.10.1923-1994).

28 қазан – ағартушы, ақын
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 120 жыл (28.10.1893-21.05.1920). *

29 қазан – қазақ ақыны,
аудармашы, әдебиеттанушы, Қазақстанның мәдениет қайраткері Мұзафар Әлімбаевтың
туғанына 90 жыл (29.10.1923).

ҚАРАША
5 қараша
– Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ»
халықаралық степендияларын белгілеу туралы қаулысына 20 жыл (5.11.1993).

15 қараша — педагогика ғылымының
докторы, профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлының туғанына 50 жыл (1963).

ЖЕЛТОҚСАН
5 желтоқсан
— қазақ әдебиетін зерттеуші, филология
ғылымының докторы, профессор Ханғали Жұмашұлы Сүйіншәлиевтің туғанына 95 жыл
(5.10.1918).

11 желтоқсан – биология
ғылымының кандидаты Зоя Сахарнованың туғанына 65 жыл (1948).

24 желтоқсан – Қазақстанның
Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджановтың туғанына 85 жыл (24.12.1928-2001).

25 желтоқсан — жазушы Хамза
Есенжановтың туғанына 105 жыл (25.12.1908-1975).*

27 желтоқсан – қазақ тілінің
негізін салушылардың бірі, түрколог, филология ғылымының докторы, профессор
Сәрсен Аманжолұлы Аманжоловтың туғанына 110 жыл (27.12.1903-21.01.1958).

28 желтоқсан – биология
ғылымының кандидаты, БҚМУ доценті Владимир Мельниковтың туғанына 60 жыл (1953).


Айы мен күні белгісіз 2013 жылы еске алынатын күндер

— педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының (қазіргі Ы.Алтынсарин 
атындағы Қазақтың білім академиясы) ашылғанына 80 жыл (1933).

— көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек
Қараұлы Жүргеновтың
туғанына  115 жыл (1898 қараша-1937).

— қазақтың атақты әншісі, 1925 жылы Парижде өткен
Дүниежүзілік көрмеде болған этнографиялық концертте күміс медаль алған Әміре
Қашаубаевтың
туғанына 125 жыл (1888-1934).

— қазақ халқының ғұлама ақыны, тарихшы, этнограф,
шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиетінің мұраларын жинақтаушы Мәшһүр Жүсіп
Көпеевтің
туғанына 155 жыл (1858-1931).

— ақын, сазгер Ақан сері Қорамсаұлыныңтуғанына 170 жыл (1843-1913).

— ақын Мұрат Мөңкеұлыныңтуғанына 170 жыл (1843-1906).

— суырып салма ақын Шортанбай Қанайұлыныңтуғанына 195 жыл (1818-1881).

Шал ақынның туғанына 265 жыл
(1748-1819).

Бұқар жыраудың туғанына 345
жыл (1668-1781).

Автор публикации

не в сети 2 недели

hrombibl

0
Комментарии: 0Публикации: 563Регистрация: 20-10-2021

Добавить комментарий