Туған жердің түтіні

  Ұсынылып отырған «Туған жердің түтіні» жинағына кіріп отырған «Наркескен», «Ең әдемісі - Жер», «Өнерге өктемдік жүрмейді» тағы басқаларының кейіпкерлері қазір айнала айқайлап жоқтап жүрген патриотизм, елді сүю деген ұғымды еңбегімен дәлелдеп жүрген адамдар. Кітаптағы деректі, көркем шағын шығармалар болсын, «Сахнаның падишасы» атты повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шыққандай.                                                                 Алғысөз Өткен ғасырдың 70-ші жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бетінде «Туған жердің түтіні де тәтті екен» деген айдар ашып едік. Соған республиканың түкпір-түпкірінен оқушылардың туған жер жайлы толғаныстары келетін. Мүмкін, толғаныс деуге жетпей жатқан шығар. Бірақ бәрі шын көңілмен жазатын. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген мәтел сондай көңіл күйден қалса керек. Бұл жинаққа мен туған жер жайлы өзімнің жазғандарымды, туған елі мен халқына еңбегімен, өнерімен қызмет етіп…

0 комментариев

«Ғарышкер жолы»

Аудандық кітапханада Қазақстан,Ресей Федерациясының ұшқыш-ғарышкері Т.А. Мұсабаевтың 65 жылдығына танымдық сағаты өткізіліп ғарышкер туралы мол мағлұмат берілді. «Ғарышкер жолы» тақырыбында кітап көрмесі безендірілді. К 65-летиюкосмонавта Республики Казахстани Российской Федерации, генерал-лейтенантаавиации Мусабаева Т.А.в районной библиотеке был проведен познавательный час и оформлена книжная выставка«Ғарышкер жолы».    

0 комментариев

Үлкен үйдегі үрей

           Шағын романда шытырман оқиғалар желісі оқырманды өзіне тартып әкетеді. Автор өз шығармасында адамның асыл қасиеттерін бағалау қажеттігін, ал енді біреуге жасалған қиянаттың ешқашан кетпейтінін, ғасырлар өтсе де, ақиқаттың жарыққа шығатынын тарихи кезеңдерде болған оқиғалар арқылы бере білген.              Осы кітапқа еніп отырған екінші туынды – «Жатқа туған бала» повесі. Ол қазіргі заманның әлеуметтік-демографиялық мәселелерін көтереді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, әрбір ата-ана сәбилі болғысы келеді. Алайда, бүгінгі заманда перзент сүйе алмайтындардың қатары көбейіп тұр. Бұл шығармада тұрмыс тауқыметін көп шеккен жанның құрсақ ана (суррагат-ана) болып, өзге отбасына бала тауып берген тағдыры бейнеленген. Жатқа туатын перзентін тоғыз ай көтерген кездегі ананың толғанысы аталған хикаятқа арқау болған.              Бұл повестің жазылуына қазақтың танымал ғалым қызы, Қазақстандағы Бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Берденқызы Байқошқарованың елге сіңіріп келе жатқан еңбегі үлкен әсер етті.              Осы кітаптағы үшінші туынды – «Екі күйеулі әйел» повесі. Қазіргі заманда…

0 комментариев