\»Алтын жас\» зейнеткерлер клубы

2017 жылдың 28 қаңтарында аудандық орталық кітапханада зейнеткерлердің бос уақытын өткізуге арналған «Алтын жас» қызығушылық клубы ашылды.Клуб мүшелері бір-бірімен танысып, клуб жетекшісін сайлады.Осы отырыста қызығушылық клубтың жарғысы, мақсаттары мен міндеттері, клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттері туралы айтылып, талқыланды. Дөңгелек үстел басындағы отырыс өмір туралы, денсаулық пен болып жатқан келеңсіз жағдайлар жайында әңгімелесумен өтті. Клубтың жұмыс жоспары талқыланды. Наурыз айында кездесу кешін өткізу туралы келісім жасалды. 28 января 2017 года в районной центральной библиотеке открылся клуб «Алтын жас» для досуга пенсионеров города Хромтау. На первой встрече члены клуба познакомились друг с другом, выбрали руководителя, обсудили дальнейшую судьбу клуба. А также поговорили о последних политических событиях Казахстана и мира. Члены клуба решили устроить следующую встречу в марте этого года.      

0 комментариев

2017 жылға күнтізбелік шаралар/ календарные события на 2017 год

Оқырмандарымыздың назарына 2017 жылға шаралар күнтізбесін ұсынамыз. Предлагаем вниманию наших читателей календарь мероприятий на 2017 год. 2017 ЖЫЛДЫҢ МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ   Ақтөбе облысы бойынша 2017 жылы аталып өтілетін мерейтой иелері   350 жыл - Есет Көкіұлы батыр (1667-1749) 330 жыл - Сәңкібай батыр (1687-1804) 110 жыл - Мәлік Әлмұратов (1907-1969) 105 жыл - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Рахила Ақжарова (1912-1979) - Совет Одағының батыры Ідріс Үргенішбаев (1912-1973) - ақын Роман Трофимов (25.08.1912 – 27.06.1996) 100 жыл - Совет Одағының батыры Александр Семенович Гуцало (1917-1946) 95 жыл - Социалистік Еңбек ері Алтынбек Акимжанов (1922-2000) 90 жыл - ақын, Жазушылар Одағының мүшесі Мұхтар Құрманалин (10.10.1927 - 2010) - сазгер, Қазақстанның халық артисі Ғазиза Жұбанова (1927-1993) 80 жыл - сазгер, домбырашы Мағзым Шүйіншалин (1937-1988) - жыршы Ильяс Қорықбаев (1937-1994) - жазушы Құрал Тоқмырзин (23.04.1937) - мұғалім-өлкетанушы Рысжан Ільясова (12.08.1937) - күйші, домбырашы Момын Байғанин (05.10.1937) - дирижер Ахметжан Бағдаулетұлы (10.10.1937) 60 жыл - суретші Алмас Құрманалин (13.04.1957)    …

0 комментариев

Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 105 жылдық мерейтойы

Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Руководивший Советским Казахстаном Динмухамед Кунаев – фигура противоречивая. Нынче его образ возвеличивают. Аудандық орталық кітапханада 2017 жылдың 17 қаңтарында қоғам қайраткері, ұлтының ұлы перзенті Д.А.Қонаевтың 105 жылдық мерейтойына арналған «Д.А.Қонаев – ғасыр саңлағы» атты танымдық сағат өткізілді. Д.А.Қонаев - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Д.А.Қонаев жарты өмірін Қазақстанды дамытуға арнаған, елді ширек ғасырдан астам уақыт басқарған. Ол еліміздің экономикасын, мәдениетін өркендету жолында өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсаған адал да ардақты азаматы еді. Іс – шарамыздың басты мақсаты аса көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың жарқын бейнесімен таныстырып, ерен еңбегін келешек ұрпаққа үлгі ету. Бұл өткізілген іс-шарамызға қалалық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, тарихшы Жетесов Нұртай қатысып, Д.А.Қонаевтың өмірі, Балқаш қаласында басталған еңбек жолымен, қазақ халқына сіңірген еңбегі жайында ол кісінің адалдығын, тазалығын арқау ете отырып қызықты әңгіме өрбітті.…

0 комментариев