Семинар: Атқарылған жұмыстың қорытындысы

«Ауыл кітапханалары: атқарылған жұмыстың қорытындысы және дамытудың нақты бағыттары» семинар 26 сәуір 2017 жыл Аудандық кітапхана – оқу залы Аудандық кітапханада 26 сәуір күні «Ауыл кітапханалары: атқарылған жұмыстың қорытындысы және дамытудың нақты бағыттары» тақырыбында семинар өтті. 1.Алғы сөз – кітапхана директоры А.Ж.Таимова Жоспар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, кітапханалардың жалпы жағдайына тоқталды. Ауылдық кітапханалар арасында маусым айында өтетін «Дәстүрлі емес кітап көрмелері» байқауы туралы айтты. 2.2016 жылдағы жұмыс қорытындысы жеткен жетістіктер мен жіберілген кемшіліктер бойынша – кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Айтанатова баяндап берді. 3. «Бір ел – бір кітап», «Оқитын өлке» акциялар бойынша мәлімет және 2017 жылғы жұмыс жоспары - кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Б.Т.Абиева акция аясында өтетін іс-шаралардың ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы белгіленген жоспармен таныстырды. 4. Кітап қорын сақтаудағы негізгі жұмыс – құжаттарды өндеу және жинақтау бөлімінің кітапханашысы Т.Аккужеева  5. «Өлкетану туған елмен жердің тарихын зерттеуден басталады». Іс-тәжірибе алмасу М.Тоқсанбаева. Ауылдың кіші энциклопедиясын жарыққа шығару алдында атқарылған жұмыстар туралы, өзіндік қиындықтары, демеушілермен жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді.…

0 комментариев