Кітап әлеміне саяхат

     Мамыр айының 11 күні аудандық кітапханаға №5 мектеп гимназиясының 1 «ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі Иманкулова Венера Асылбекқызымен саяхатқа келді. Кітапханашы Жанаева Мөлдір кітапханаға жазылу ережесімен таныстырып, экскурсия жасады. Балаларға қызықты кітаптар көрсетіліп,онын ішінде музыкалық, панорама, пазл кітапшалары мен энциклопедияларға және «Ертегілер әлемі» атты кітап көрмесіне шолу жүргізді. «Даналық әліппесі» атты инновациялық сөйлейтін қалам кітабы балаларға ерекше ұнады. Саяхат соңында оқушыларға жадынамалар таратылды.    11 мая ученики 1-го класса школы гимназии №5 посетили районную библиотеку с классным руководителем Иманкуловой Венерой Асылбековной. Библиотекарь Жанаева Молдир ознакомила детей с правилами пользования книгами. Детям показали интересные детские книги, энциклопедии, также просмотрели книжную выставку «Сказки». И в заключении детям раздали заметки с правилами посещения библиотеки.   

0 комментариев

«Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры»

     Мамыр айының 11 күні №5 мектеп-гимназиясының кітапханасында аудандық кітапхананың қатысуымен, «Оқитын өлке» акциясы аясында Өтежан Нұрғалиевтың «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры» атты танымдық сағаты өткізілді. Аудандық кітапхана «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры» атты кітап көрмесін жасақтады. Көрмеге «Соғыстың соңғы жазы», «Соны сұхбаттар», «Афина мектебі», «Өтежан Нұрғалиев» атты кітаптар қойылды. Кітапханашы Тугелова Нурсұлу шолу жасап, ақын өмірбаянымен таныстырды. Мектеп кітапханашысы «Оқитын өлке» акциясы жайлы оқушыларға қысқаша мәлімет берді. Сондай-ақ, оқушылар сұрақтарын қойып, шараға белсене қатысты. 7-сынып оқушылары қазақтың көрнекті ақыны Өтежан Нұрғалиевтың өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен қатар, Бисекеева Алина ақынға өз шығармашылығымен жазған арнау өлеңін оқыды. Шара соңында Елеусизова Нургул Мұханбетқызы оқушыларға алғысын айтып, танымдық сағатты өз сөзімен аяқтады.    11 мая в библиотеке школы-гимназии №5 в рамках акции «Оқитын өлке» с участием районной библиотеки прошел литературный час Отежана Нургалиева «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры». Районная библиотека подготовила книжную выставку «Қазақ әдебиетінің – Алтын ғасыры». На выставке были представлены книги Отежана Нургалиева «Соғыстың соңғы жазы», «Соны…

0 комментариев

«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

    Аудандық кітапхананың оқу залында 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» тақырыбында өткен тыл еңбеккерлерімен кездесу кеші Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Шараға тыл ардагерлері Мұхамбетов Аманғали Бисенұлы, Салдықбаев Қадыржан Есенбайұлы қатысып, жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерліктерімен жеңіс күнін жақындатқан майдангер ата-апаларымыз жайлы ұлағатты әңгімелер айтып, бір сәт елге де, ерге де сын болған соғыс жылдарына дөп келген балалық шақтарын естеріне алып, жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды. Мектептен тыс білім беру орталығының «Сөз өнері» үйірмесінің оқушылары: Шегебаева Саяжан М.Мақатаевтың «Менен сұра»; Баимбет Әсел, Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көрем»; Амангельдина Әсел, Тұманбай Молдағалиевтың «22 июнь 1941 жыл. Ең ұзақ күн», Мұхамбеді Ақбану, Күләш Ахметованың «Ғасыр қасиеті» т.б. өлең жырларды жатқа айтып, би үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері ардагерлерге арнап би билеп, № 5 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Амангельдина Әсел «Қазақстаным» әнін орындап берді. Аталмыш шараға мектептен тыс білім беру орталығының үйірме…

0 комментариев