Дін — ұстай алсаң — қасиетің, ұстай алмасаң — қасіретің

  28 тамызда аудандық кітапханада «Дін – ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шараға облыстық «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының маманы Ұлқабай Сансызбай Жәдігерұлы мен аудандық дін мәселелері жөніндегі орталықтың маманы Жидебаев Сұлтан Сабырбекұлы және кітапхана мен музей қызметкерлері қатысты. Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтау жолдарын түсіндіріп, бейне роликтерін көрсеткен теолог мамандар қызметкерлермен еркін диалогта әңгіме құрды. Шара барысында Сансызбай Жәдігерұлы кітапхана қорына Қ.Құрманбаев, Е.Есімқұловтың «Ислам тарихы», Ш.Құдайбердіұлының «Мұсылмандық шарты» атты кітаптарды сыйға тартты. Сондай-ақ ұйымдастырушылар дөңгелек үстелге қатысушыларға жадынама, ескертпе қағаздарды таратып, анкета алды.        

0 комментариев

Конституция- кемелдік кепілі

 30 тамыз ҚР Конституция күніне орай 24 тамыз аудандық кітапхананың оқу залында\"Конституция-кемелдік кепілі\" атты тәрбие сағаты өткізілді. Шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Содан кейін біздің Ата заңның тарихы жайлы анықтама, Конституцияның кейбір баптары мен Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен міндеттері жайлы қысқаша мәліметтер берілді.  «Сен Ата заңды білесің бе?» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылып, «Адасқан әріптерді орналастыр» (термин сөздер), «Сөйлемді аяқта» атты ойыны өткізілді.    Оқу залында ұйымдастырылған «Ата заң елдің тұғыры» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Көрмеге тәуелсіздік алғанға дейінгі кезеңдердегі қазақтың дала заңынан сыр шертетін «Қазақтың Ата Заңдары» жайындағы кітаптар мен 1995 жылдың 30 тамызында  қабылданған ҚР-ның Конституциясы, Ата Заңымыз туралы мерзімді басылымдардан деректер, т.б. мәліметтер қойылды. Өткізілген шараға балалар бөлімінің тұрақты оқырмандары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.       

0 комментариев