«Кітапханалық туризм»

    26 сәуір күні аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Кітапханалық туризм» жобасы өткізілді. Жоба негізінде жасақталған топ құрамында елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен облыстық кітапханалардың мамандары болды. Жоба мақсаты: шалғайдағы кітапханалардың жұмыстарымен танысу және әдістемелік көмек көрсету.Шараға аудан әкімінің орынбасары Шілманов Сейтмағанбет Қуандықұлы, аудандық кітапхананың қызметкерлері, ауылдық кітапханашылар және қала мектептерінің ұстаздары мен кітапханашылары қатысты. Келген қонақтар өздерін таныстырып, кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында қатысушыларга тренинг өткізді. Слайд арқылы Ұлттық кітапхананың жұмысын көрсетті. Топ құрамындағы ақын Ершу Маржан өлең шумақтарын оқып, өнерімен таң қалдырды. Ұлттық кітапханының қызметкерлері аудандық кітапханаға «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Қазақтың батырлық жырлары» атты томдық кітаптарын сыйға тартып, Аудандық кітапхананың құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Имандосова Нұржамал Сапатайқызы және Бөгетсай ауылдық кітапхананың кітапханашысы Тоқсанбаева Маржан Қалиоллақызы ұлттық кітапхананың алғыс хаттарымен марапатталды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған топ өңірдің тұрмыс-тіршілігімен танысып, Денешынықтыру және сауықтыру кешеніне экскурсия жасады. Хромтау Тау-кен техникалық колледжі студенттерімен кездесіп, қаламыздың мектеп…

0 комментариев

«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

    24 сәуір күні аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 1- Мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгілік өткізілді. Бұл мерекелік шараны № 5 мектеп-гимназиясының 1«а» сынып оқушыларымен мұғалімі Дүйсенгалиева Ақбаян Кумаровнамен бірлесе отырып ұйымдастырдық. Ертеңгілікте бүлдіршіндер елімізде мекендейтін ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт – дәстүрін, киім үлгілерін насихаттады. Ертеңгілік барысында өздері даярлаған ұлттың барлық ұлттық құндылықтарын көрсетіп, жарастықты, бірлікті ұрандай келе, барлығына үлкен шаңырақ бола білген Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеті екенін айқын дәлелдеді. Өз қолдарымен түрлі түсті ленталардан жасаған шаңырақ астында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен нақышына келтіріп орындады. Бүлдіршіндер мереке мәнін аша түсетін «Бірлік бар жерде – бақыт бар» және \"Бауырласпыз, туыспыз! \"атты тақпақтар оқыды. Достық, бірлік тақырыбын насихаттайтын «Бірлік» атты қойылым көрсетіп, әртүрлі қырғыз, өзбек, үнді, грузин, тәжік, орыс, украин т.б және өзіміздің ұлттық қазақ киімін киген оқушылар достық сезімдерін өлең шумақтарын айтып, «Дос болайық бәріміз!», «Әрқашан күн сөнбесін!», «Ақ көгершін», «Қазақ елі осындай!» әндерін көтеріңкі көңілмен шырқады. Қыздарымыз басқа ұлтың…

0 комментариев

Кітапханалық сабақ

    Сәуір айының 18 күні Дөң ауылдық орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нуржанова Анаргул Кадиржановна және кітапханашы Курманова Кулипа Сабитовна аудандық кітапханаға саяхатқа келді. Келу мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында келіп түскен жаңа кітаптармен танысу. Оқушылар кітаптардың көптеген түрлерімен танысып, кітапхана бөлімдерінде болды. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Т.С.Жиенбаева «Ғажайып табиғат әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырып, қызықты әр кітаптың авторы мен мазмұнын қысқаша айтып отырды. Оқу залы – турлі ақпараттар жиынтығы болып табылатын бөлім. Сонымен қатар газет, журналдар да бар. Кітапханашылар Н.Ж.Тугелова мен М.М.Жанаева оқу залында «Рухани жаңғыру» кітап көрмесіне шолу жүргізіп, оқушыларға кітапханада өткізілетін іс шараларға қатысуға болатындығын тусіндірді. Сондай - ақ кітапханашы Д.Мангалова оқушыларға кітапханада өткізілген іс шараларды слайд арқылы көрсетті. Алғаш рет келген сынып оқушыларына кітап көрмесі ұнап, кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді.   18 апреля районную библиотеку посетили ученики 8-9 го класса п.Дон с классным руководителем Нуржановой Анаргуль Кадыржановной и школьным библиотекарем Курмановой Кулипой Сабитовной. Целью визита является ознакомление с…

0 комментариев