Кітап әлеміне саяхат
Ақпан айының 21 күні № 6 мектеп-гимназиясының 5 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Керимова Г. Е., Дерманова Н. аудандық кітапханаға саяхатқа келді. Сынып жетекшілері қаламыздағы маңызды жерлерге сыныппен барып саяхат жасап жүргендерін ,кітапханаға келу мақсатымыз оқу үрдісіне керек қосымша мағлұматтар алу, оқушыларға кітаптар арқылы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ұлттық құндылықты, ұлттық рухты, бойымыздағы қадір-қасиетті дамытуға бастайтын жол екендігін түсіндіру. Оқушылар кітаптардың көптеген ғажайып түрлерімен танысты. Алғаш рет осындай үлкен кітапханаға келген балаларға бәрі қызықты болып көрінді. Кітапхана бөлімдерінде болып, балаларға арналған көптеген суреттері бар энциклопедиялар мен анықтамалармен танысып, қызықты және танымдық кітаптарының жиынтығы бар екендігі жөнінде, сонымен қатар кітаптарды қалай дұрыс пайдалану туралы білді.«Әлемдегі ең қызықты кітаптар» атты кітап көрмесінен оқушылар көп қызықты сұрақтарын қойып, балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Т.С. әр кітап авторы мен мазмұнын қысқаша айтып отырды. Оқу залы - түрлі ақпараттар жиынтығы болып табылатын сан алуан анықтамалар мен энциклопедиялардың тоғысқан жері. Сонымен қатар газет, журналдар, мерзімдіктер де бар. Кітапхана әдіскері…